Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұсау кесу: Тәрбие мен тілек

Тұсау кесу: Тәрбие мен тілек

Мен ауылда өстім. Бала кезімде енді ғана қаз-қазбасып, қара табан болған бөбектің аяғынан қара бақыр тиын тізілген ала жіптікөргенде: «Мына баланың тұсауын кескен екен ғой» деп бірден білетін едік. Қазірде баланың тұсауын кесу салты жақсы сақталған. Алайда аяғындағы ала жіпке қарапемес, ата-анасының «Тұсауын кестік» деген сөзінен кейін аңғарамыз.
Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң орнынан тұрып, қадам жасауға талпынады. Өз аяғымен туған топырақты басып, таң-тамаша болғансәбиге қарап сүйсінеміз. Осы кезде баланың алғашқы қадамына сәттілік тілеп:«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен тұсау кесер тойын жасаймыз.
Ырымшыл халықпыз ғой тұсауы кесілмеген бала сүріншекболады деп топшылаймыз. Сол себепті бұл рәсімнің тізгінін ұстатар кезде жақсықасиетімен жұртқа жаққан жанды іздейміз. Елге сыйлы, қадірлі, қимылы ширақкісіні көздеп, «Балам сізге ұқсасын» деген ниетімізді жеткізіп, қолқа саламыз.Бұл тұста да қашаннан сыйласқан адамынан сый-құрметін аямаған қазақ тұсаукескен жанға кәде-кәуметін жасайды. Тұсау кесу құрметі бұйырған кісі де құр қолкелмейді. Бөбектің керек-жарағын, киім-кешегі мен ойыншықтарын әкеліп,мәре-сәре қылады.
Кез келген жіпті баланың аяғына байлай салмайтынын әр қазақ жақсы біледі. Ал ала жіппен байлаудың сырын үлкендер былай дептүсіндіреді: «Бұның астарында ақ пен қарадан тұратын тіршілікте қуаныш пенқайғы да, жамандық пен жақсылық та, адалдық пен арамдық та қатар жүреді.Бұлардың аражігін ажырата біліп, біреудің ала жібін аттамай, әділдікті,адалдықты жанына серік етсін деген тоқтам жатыр». Аяқтағы жіптің ала болуы,оның кесілуі де құр көрініс емес. Астарында адалдықтан айныма, егер сондайарамдықты көрсең жолын кес. Біреудің бір құлаш жібіне ең болмаса бұзауға басжіп болар деп қызықпа деген ниет бар. Бұдан бөлек, тұсау кесерде көк шөп жәнетоқ ішекті пайдаланған кездер де болған екен. Жердегі көк шөпті өріп, тұсаукесу қазіргі таңда жоқтың қасы. Алайда бұл ғұрыптың мәні – ұрпағым көбейсін,өсіп-өнсін, туған жерінде көгерсін дегенге саяды. Сәбидің өмірі тоқшылықта,байлықта өтсін деп тілек тілеп, тоқ ішекпен кесу де кездескен.
Бұл рәсімнің ең қызықты сәті ақ жайманың үстіменқаз-қаз басып келген сәбидің алдына қойылған заттарды таңдауы. Әркім ырымдаптүрлі дүние қояды. Өнерлі болсын деп домбыра, білімге құштар болса дегенниетпен кітап, жазушылықты жанына серік етсе екен деп қаламсап, қалтасы қалың,табысты азамат болсын деген тілекпен ақша да қояды. Таңдау жасауға тиіс сәби еңбірінші көңілі кеткен затына қолын созады. Әр істі жақсылыққа балаған жұрт:«Балаң әнші болайын деп тұр», «Әй, жарайсың, балапан, кітапты таңдады» депшуылдасады. Тұсау кесер тойында қайшынықолдануды жөн санамайтын қарттар бар. Олардың айтуынша, қайшымен кескен баланыңөмірі де қайшыланып өтуі мүмкін, өткір пышақпен кескен орынды. Дегенмен бұлқатып қалған қағида емес.
P.S. Кез келген салт-дәстүрі тәрбиеге тұнып тұрған қазақ халқының ғұрпының ғұмырлы болуы ұрпақтың қолында. Ертеден келе жатқан естідәстүрді дәріптеп, ертеңге жеткізуші бүгінгі жастар жоралғының жөнін білмейдідеу әбестік, еске салып отыру – үлкендер парызы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
18 ақпан 2024 ж. 331 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 79

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 141

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031