Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құпия бүккен қасиетті топырақ

Құпия бүккен қасиетті топырақ

Қасиетті Қазалы жеріндегі бай жәдігерлі орынның бірі Күйік қала – қойнауына сан ғасырлық құпияны бүккен қасиетті топырақ. Талай рет ғылыми зерттеу экспедициясы арнайы жұмыс жүргізу нәтижесінде табылған құнды ақпараттар бұл жерде қалалық озық мәдениеттің болғанын айғақтайды.
Күйік қала несімен бағалы? Атауының сыры неде? Тақырып аясында іздендік.
Қазақ тарихын зерделегенде, Күйік қала аталатын бірнеше жердің болғанын аңғарамыз.
Жазба деректерде қазіргі Орынбор облысының Соль-илецк қаласындағы бекіністің орнын ертеде жергілікті қазақтар «Күйік қала» деп атаған деген дерек кездеседі. Сондай-ақ Жетісу маңынан да Күйік қала деген жер табылған. Қазалы жерінде де Күйік қаланың екеуі бар. Біз айтып отырған тарихи қаланың дұрыс зерделенбеуіне осындай бірдей атаулардың кездесуі кедергі келтіруі бек мүмкін.
Қазалы ауданның Бозкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 30, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 шақырым, Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің аралығында, Жанкент қаласынан 18-20 шақырым жерде орналасқан Күйiк қала туралы нұсқалар көп жайды аңғартады.
1946 жылы С.П.Толстов басқарған Хорезм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. ‎
Дөңестеу биiк жерді алып жатқан Кіші күйік қалашығы 1990 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында есепке алынып, құжаттарын дайындаған. 2003 жылы арнайы қорғауға алынған. Қаланың 7-8 метр шамасындағы солтүстiк шығысы биiктеу келсе, қоршаудың енi 3 метрге жуықтайды. Ал тұтас қам кiрпiштен жүргiзiлген қорған дуалының орнын айқын көруге болады. Мұндағы 100 метрдей жердегі қорғаннан биiк ерекше үйiндiлер олардың сапалылығын айқындайды. Мағлұматтарда қорған әскерилердiң сырттан келетiн жауды бақылап отыратын мұнара қызметін атқарған деседі. Кіші күйік қaлaшығы бөктердің шыңындa орнaлaсқaн және оның бүкіл aумaғын aлып жaтыр. Жоспaры жaғынaн тіктөртбұрышты қaмaл бaр төбе. Қaбырғaлaрының өлшемі шығыстaн бaтысқa қaрaй 350, солтүстіктен оңтүстікке қaрaй (қaмaл орнaлaсқaн жер) 210, қaбырғaлар аралығы солтүстіктен оңтүстікке қaрaй 180 метр. Құлaмaлaр бекініс қaбырғaлaрын сыртқы жaғынaн үлкейтіп тұрaды. Бекініс қaбырғaсының ені 2-3 метр. Солтүстік бaтыс бұрышы мaусымдық жaңбырлaрмен жуылып тұрaды. Қaмaл-қaлa жұрттың солтүстік жaғындa орнaлaсқaн және бaсқa бөліктерінен 1,5-2 метр биіктеу. Қaмaл бөктерінің солтүстік жaқтaрынaн ортaлық кіреберіске көтерілу белгісі кездеседі. Ол бекініс қaбырғaсының 10-12 метрге ойылып түскен жерінен басталады. Бaсқa кіреберіс есіктері тaбылмaғaн.
Күйiк қала, Кіші күйік қала – ІХ-ХI ғасырларда осы маңда өмiр сүрген Оғыз мемлекетiнің астанасы Жанкентке бағынған қалашық қатарына жатады.
Күйiк қаланың күйреу себебін тарихшылар екі жағдаймен байланыстарды.
Бірі 1219 жылы Жошы бастаған Моңғол шапқыншылығы кезінде өртке оранған деген жорамалды алға тартса, келесісі емі жоқ эпидемиялық аурудан қала жұрты түгелдей қырылған дегенді айтады.
Бертін келе шаһар түрік-селжүктерінің билеушісі Санжардың қарамағына өтеді. Оған сол маңда “Шанжар” деп аталатын жер бар екенінен аңғаруға болады.
Тарихи маңызы бар мекеннен әр жылдары жылқы мен қой сүйектерi және үлкен құрама диiрмен тасы, бидай ұнтағы табылған. Археологтар қала өмір сүрген кезеңде ескi су арнасының болғанын нақты мысалдармен айғақтайды. Бұл жергілікті халықтың егiн және мал шаруашылығымен айналысқанын айқын айғағы бола алады.
Отырықшылық тұрмыс қалыптасқан орын Жібек жолы бойында орналасқандықтан, қолөнер мен сауда-саттық дамығанына қатысты дәйектер көп. Мұнда саз балшықтан жасалған әртүрлі өрнекті ыдыс сынықтары және бір литрден отыз литрге дейін жететін сыйымдылығы бар құмыралар, тас көзелер, қыш күйдіру орындарымен бірге табылған түрлі тиындар көпшілік қызығушылығын тудырады.
Соңғы болжамдар бұл маңайда шыны өндірісінің кең етек алуы мүмкін дегенді ұсынады.
Ғылыми еңбектердің бірінде: «Оғыз кезеңінің «батпақты қалалары» Қазалының оңтүстігінде жатқан үшбұрышты келген түбекте орын тепкен. Бұл қалалардың ішіндегі ең ірісі – Кескен күйік қала, содан кейін Жанкент және Күйікқала.
Батпақты қалалардың қалыптасу кезеңі ертеден басталады. Олардың негізгі тарихи кезеңі, оғыз мемлекетінің дамуы мен Сырдарияның төменгі, орта ағыстарының бойында, Арал және Каспий теңіздері мен Волга өзендерінің алабындағы жерлерге оғыз тайпаларының саяси өсуімен байланысты», – деген жолдар бар.
Атақты В.Бартольд зерттеулерінде: «Сыр бойындағы Оғыз қалалары көшпелі оғыз тайпаларына тиесілі емес, бұл қалалардың негізін жергілікті тұрғындар салған» дейді. Сондай-ақ бұл қалаларды тұрғызуға хорезмдіктердің де ықпалы болған деген болжам бар. Аталмыш қалаларға оғыз қағанатының ықпалы күшейіп, тайпаларының бір бөлігі қалаларда отырықшылыққа көшкен деп тұжырымдаған. С.Толстов өзінің зерттеулерінде В.Бартольдтың тұжырымын нақтылай түседі.
Қалалардың «Кескен күйік қала», «Күйікқала» аталу себебін беткі қабатының түсі қара топырақпен көмкеріліп, бұл қаланың толықтай өртке оранғанын, құрылыс іздерінен майлы топырақ екенін байқауға болады. Деректерде қамал кірпіштеріне түйе сүтін, жылқы қылын қосқаны туралы айтылады. Жауынға үгітіліп құламау және жауын суын қабылдамай, ағып кетуі үшін осы әдіс қолданылған. Қаланың үстіңгі қабатынан құрылыс іздері табылған. Сонымен қатар керамика, қоладан жасалған заттардың сынықтары және моншақтар да көптеп кездеседі. Үлкен күйік қалашығының өмір сүру кезеңін мамандар І-ІХ ғасырларға телиді. Қазалы ауданы, Кәукей ауылынан батысқа қарай 7 шақырымда орналасқан. Ескерткіштің орны анықталмаған. Барлығы дерлік пішіні төртбұрышты, дуалмен және ормен қоршалған. Әрқайсысында ірі көлемді цидадель орналасқан. Кескен күйік қала кейбір деректер мен жергілікті халық «Үлкен Күйік қала» деп атайды. Сол себепті «Бұзық қала» қалашығы дегеніміз Кескен күйік қала болуы мүмкін. Бірақ бұл ескерткіш Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікте 8 шақырымда емес, 80 шақырым жерде орналасқан. Ол VІІ-ІХ ғасырларды қамтиды.
Археологиялық деректер Кескен-күйік қаладан табылған заттарға ұқсас, яғни қала б. д. І мыңжылдығының аяғында өмір сүрген.
Тақырып туралы іздеу барысында жергілікті тұрғын Нұрахмет Досымов өзі куә болған жағдаймен былай деп бөлісті: «Осыдан 7-8 жыл бұрын Шанжарда орналасқан «Күйік қалаға жол түскенде, «Әлкей Марғұлан» атты экспедициямен ұшырасып қалдық. Сонда археологтармен аз-кем әңгімелесудің сәті туды. Естігенім, бұл жердегі Күйік қала Жанкенттен үш есе үлкен. Оның қазіргі мөлтекаудан сынды бөлек-бөлек қалалары болған», – дейді.
Тұрғынның айтуынша, жақын маңдағы жергілікті жұрт Төлек әулие атайтын жерде қаланың жалғасы барын айтқан. Ғалымдар Санжар ханның резеденциясы осы маңда болған. Алайда бұл мағлұматты айта алмаймыз. ЮНЕСКО Жанкент деп танып кеткен деген болжамды жеткізді.
«Сол кезде жанында жұмыс істеп жатқан Бозкөл ауылының тұрғындары менің айтқан пікірімді қолдайды. Олар мұнан да көп мағлұматты біледі. Топшылағаным, екі Күйік қала бар. Біз айтып отыған қаланы ілгеріде ресейлік ғалымдар картаға түсіріпті. Жақын маңнан өзек өтеді. Соны таба алмай, ізденушілердің талайы Кіші Күйік қаланы зерттей берген. Осы орыннан көптеген құнды дүниелерді кезіктірдік. Әдемі қиюластырып өрілген кірпіш қабырғалардың түзулігі таңғалдырды», – дейді ол.
Көне көмбенің бүккен сыры сан алуан. Оның дұрыс бағасын алып, лайықты зерттеліп, тарих төріне озатын уақыты жетті.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

24 қараша 2022 ж. 547 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 66

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930