Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Галактикадан беймәлім сигнал келді

Галактикадан беймәлім сигнал келді

"Астрономдар біздің галактиканың яғни Құс жолы галактикасының орталығынан келген жұмбақ радио толқындарын анықтады. Ғалымдар әзірге бұл ерекше сигналға түсіндірме бере алмай отыр" деп хабарлайды "Astrophysical Journal" сейсенбіде жарияланған жаңа зерттеуде.
Австралия, Германия, АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка, Испания және Франциядан келген халықаралық зерттеушілер тобы байқаған радио толқындар әр түрлі себептерге байланысты ерекше. Радиотелескоп пен ғарыш координаттарының атымен "ASKAP J173608.2-321635" деп аталған нысан бұрын-соңды болмаған ғарыш нысандарын табу жобасы аясында ашылған.
"The Astrophysical Journal" журналында жарияланған зерттеулердің жетекші авторы, Сидней университетінің физика мектебінің докторанты Цитэнг Ванг нысанның жарықтығы күрт өзгеретінін айтты. Нысанның кездейсоқ жанатынын және өшетінін жеткізді.
"Бұл жаңа сигналдың ең таңқаларлық қасиеті - оның поляризациясы өте жоғары. Оның жарығы тек бір бағытта, бірақ бұл бағыт уақыт өте айналып тұрады" деген Ванг сигнал бұрын зерттелген кез келген құбылысқа ұқсамайтынын айтады.
Айта кетейік, мамыр айында да НАСА Жерге сигнал жіберетін жұмбақ радиостанцияларды анықтаған.
14 қазан 2021 ж. 778 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930