Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәуліт – ізгілік мерекесі

Мәуліт – ізгілік мерекесі

Алла қаласа, алда Мәуліт мерекесі келе жатыр. Бұл күллі мұсылмандар үшін ортақ қуаныш. Мәуліт сөздікте «туылған күн, туылған жер» деген мағынаға келеді.Ал дінімізде баршамызға мәлім ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күніне орай өткізілетін мерекелік іс-шараларды білдіреді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) туылған күні 571 жылдың Рабиғұл-аууал айының он екінші жұлдызы. Бұл уақыт отқа табынушылардың оты сөніп, кәпірлердің пұттары қираған әлем нұрға бөленіп, Аллаһ пен ақыреттен үміті бар жандардың тағатсыздана күткен сәті болатын. Мәуліт айында халықтың өз арасында Пайғамбарымызды (с.а.у.) дәріптеп, оған салауаттар айтып, сара жолынан, көркем әдебінен нұр шашқан руханиятынан молырақ нәсіп алуға арналған мәуліт кештерін бірлесе атап өтуіне болады.
Пайғамбарымызға салауат айту дегеніміз – дұға, жарылқау тілеу, береке тілеу ұлықтау деген мағыналарды білдіреді.
Пайғамбарымызға (с.а.у.) айтылатын салауат, бұл дүниеде ұлылық пен шариғатының үстемдігін және ақыретте үмметіне шапағатшы болуын және сауап дәрежесін арттыруын тілеу мақсатында айтылады. Алла Тағала әмір етіп, Құранда былай дейді. «Алла Тағала мен періштелер Нәбиге (с.а.у.) салауат айтуда. Ей, иман келтіргендер, сендерде Оған (с.а.у.) салауатты айтып, шынайы түрде сәлем беріңдер» («Азғаб» сүресі, 56 аят). Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтады: «Менің атым аталып, маған салауат айтпаған адам нағыз сараңның өзі».
Яғни, хал үстінде жатқанда да «Үмметім, үметтім»деп үмметіне ынтызар болған мейірім Пайғамбарына салауат айту біздерге міндет. Салауат айтудың артықшылығына келетін болсақ, бұл дұғамыздың қабыл болуының бірден-бір шарты.
Хазіреті Омардан (р.а.) риуат етілген хадисте: «Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтпайынша дұға аспан мен жердің арасында бөгеліп, көтерілмей тұрады» делінген. Сонымен қатар салауат айту әрбір мұсылманның екі дүниедегі дәрежесін арттырады.
Себебі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мынандай хадистері бар: «Қиямет күні маған ең жақын адам, маған ең көп салауат айтқандарың. Кім маған бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он рахмет жолдайды, оның он күнәсі кешіріліп, он дәрежесі көтеріледі» делінген.
Сол секілді бүгінде мәулітті атап өтер мереке емес деп, жоққа шығаратындар кезігіп жүр. Әуелі Мәуліт дұрыс па, бұрыс па? деген мәселеге келсек, бұл жайында мәуліт алғаш шыға бастағанда да адамдар арасында осындай пікір айырмашылықтары болған.
Дегенмен сол дәуірдің ғұламалары бұл істің бидғатқа жатпайтындығын, керісінше мұстахаб (жақсы көрілген) амал екендігін дәлелдегеннен кейін мұсылмандар арасында кеңінен таралған Пайғамбарымыздың дүниеге аяқ басуы Ұлы Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығыметі мен жақсылығы екендігі сөзсіз.
Құранда: «Біз сені ғалам үшін рахым етіп қана жібердік» - деп, осы ақиқатты меңзеген. Пайғамбарымыз (с.а.у.) арқылы Ұлы Жаратушымызды қатесіз танып, оның тура жолын таныдық. Ақ пен қараны ажыратып, жәнәт пен тозақты білдік. Дүниенің мәні мен жаратылыстың мағынасын ұқтық.
Ендеше Пайғамбарымыздың дүниеге келуі – мұсылмандар үшін зор қуаныш Ұлы Иеміздің құлдарына жасаған ұлы жақсылығы. Ал қуанышты бөлісудің оны белгілі жүйемен көрсетудің, Алла Тағаланың жақсылығы мен нығыметін шүкір мақсатында жария етудің дінімізде негізі мен дәлелі жеткілікті.
Мәуліт мерекесі тек ән салып, ішіп-жеумен ғана өткізілетін пендешілік мереке емес. Ондағы ұйымдастырылатын іс-шараларды түрлендіріп, мазмұнын сан-алуан тақырыптармен гүлдендіріп, отыру халықтың ынта-ықыласын арттырары сөзсіз.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Мәулітке байланысты фәтуасы телевизияда, газет-журналдарда кеңінен насихатталып жатқандықтан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмір жолынан кеңінен жазуды қысқартып отырмыз.
Бір ай көлемінде аталып өтілетін мәуліт маусымында пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі жайлы кітаптар мен мақалалар оқылса, фильмдер көрсетілсе, уағыздар айтылса асыл мақсатына сай келер еді.
Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарлардың соңғысы болғандықтан біраз нәрсе айтуға болады. Бұдан кейін Пайғамбар келмейтіндіктен Пайғамбарлықтың кәміл қасиеттері осы пайғамбарға берілуі түсінікті жағдай.
Құранның тәжірибе түріндегі тәпсірі болып табылатын оның өмірін бір-екі ауыз сөзге сыйғызу, әлбетте мүмкін емес.
Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі бірнеше тұстан өзгелерден ерекшеленеді. Мәселен, оның өмір жолының бүкіл адамзатқа үлгі бола білуі.
Шындап қарасақ байдың өмірі кедейге, науқастың өмірі сау адамға, қойшының өмірі ханға толық өнеге бола алмайды. Ал Пайғамбарымыздың өмірі жетімдіктен мемлекет басшысына дейін, әлсіз шарасыз күйде жапа шегуден сол дұшпандарына үстем болуға дейінгі өмірдің барлық сатысынан өткен.
Тағы бір ерекшелігі – дұшпандарының өзі оның адамгершілік тұрғысындағы кәмілдігін мойындауы. Өз заманында қас жауларының өзі оның адалдығына сеніп аманатын қалдырса, бүгінде оны Пайғамбар деп қабылдамайтын өзге дін өкілдері де ең ұлы жүз адамның үздігі етуге мәжбүр болды.
Оның (с.а.у.) өмірі әдепте, мәміледе, ер жүректікте, мәрттікте, жомарттықта, жолдастықта, отбасылық өмірде, басшылықта асыл қасиеттердің асқақ үлгісіне толы. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүние салғанына он төрт ғасырдан асса-дағы, ол барша мұсылмандардың жүрегінде мәңгі жасай бермек.
Мәуліт мерекесі осы жылғы қазан айының 29-шы жұлдызынан басталып, бір ай бойы тойланады.
Алла Тағала әрбір жанұяға нұрын төгіп, Пайғамбарымыздың шапағатын нәсіп етсін.
Оның өмір жолымен жүріп, ізін басқан үмметтерінің қатарынан болуымызды жазсын!
Мәуліт мерекесі барша шаңыраққа береке-бірлік, елімізге рухани қуаныш сыйласын!

Берік қажы СҮЛЕЙМЕНОВ,
Қазалы аудандық орталық «Жанқожа батыр»
мешітінің бас имамы

24 қазан 2020 ж. 1 223 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930