Жақсы жоралғы жан жылуы
Қазақ халқы кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрден кенде емес. Өйткені ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Солардың қатарында аластау – шамандық наным-сенімнен қалған ырым.
Аластау арқылы көз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан аластау арқылы тазалайды. Тұрғылықты орнын аластауға қазақтар адыраспанды, аршаны пайдаланған, аршаны үйдің кез келген бұрышына іліп қойған. Егер үйдің аурасы қолайсыз болса, адыраспанды немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластап, есіктерді жауып қойған. Қазіргі кезде жаңа қонысқа кірген кезде үйді аластау әдетке айналған.
Ертеден келе жатқан ырым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын болған. Оның мақсаты – сәби солдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.
Бие байлар – сауылатын биелерді көктемде алғаш рет байлар алдында жасалады. Желіні тартып, құлындарды байлау кезінде мал сойылып, ауылдағы адамдар түгел қонаққа шақырылады. Бие байлар көктем шығып, ақтың молайған кезде жасалған.
Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Оны әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасалған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп тәтті тағамдар әкеледі.
Тұсау кесу – бала тәрбиесіндегі ақжарқын ниетке толы әдет-ғұрып. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.
Аяғына жығылу – кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі саналатын ғұрып. Мұнда айыпты жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті кісінің үйіне барып, кешірім сұрайды. Егер іс қиындап асқынып кетсе, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғын құшып кешірім сұрауы керек. «Аяғына жығылу» да ауыр жаза болып есептеледі.
Ант, серт, уәде – халқымыздың сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызды жағдайларда ғана айтылады. Ел ішінде адамды «ант атқан» деп жек көрген. Ант – адалдық сөзі.
Сәлемдеме – біреу арқылы жіберілетін аманат зат, туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды. Онымен ақша, көйлек-көншек, орамал немесе соғымнан сақталған сыбаға жібереді.
Енші – қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесі. Еншіні үлкен ата, әке, олар жоқ болса, ұлдың үлкені бөледі. Қара шаңырақ пен ата-ана кенже баланың қолында қалады. Дәстүр бойынша ұлдың үлкені әке дәулетінің үштен біріне, кенже екіден біріне, ортаншылар төрттен бір үлесіне ие болады.
Ауыз тию – алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл «қара шаңырақтың иесі» қолдасын деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстінде келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Қазақтың үрдісі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармау керек.
Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші сұрайды. Оған бағалы зат немесе ақша беріледі.
Сыйлық – тұрмыс салт-дәстүрі, құрмет көрсету, ол барлық халықтар арасында ертеден келе жатқан дәстүр. Сыйлық бұрын қазақ қауымдарында мәртебелі адамдарға, дарынды ақын-әншілерге, құда-жекжаттарға берілген. Бұған түйе бастаған тоғыз берген, ат мінгізіп, шапан жапқан немесе басқа да бағалы заттар сыйлаған. Ал қазіргі кезде үздік өнерпазға, озат адамдарға, саңлақ спортшыға ақшалай сыйлық беру үрдіске енді.
Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол-сыралғы деп аталады. Аңшылар сыралғы күтушінің сөзін жерге тастамайды.
Тоқым қағар – қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады.
Сыбаға – қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кезінде ауыл адамдары бір-біріне сыбаға берген. Сыбаға келген үй көрші-қолаңдарын, жақын туыстарын шақырады. Сыбаға әкелген табаққа тиісті сыйлығын салып қайтарады. Көбінесе үйдің адамдары қара шаңыраққа немесе жасы үлкен адамдарға сыбаға үлестіреді.

Дайындаған Нұрай ШАБЫТ