Алдар көсе ойдан шыққан кейіпкер емес
Әр заманның өз қу кейіпкері болатыны даусыз. Соның бірі – ертедегі елдің алғысына бөленген әрбір қазақ білетін ертегі кейіпкері Алдар көсе. Тарихқа көз жүгіртсек, Алдар барша түркі халқына танымал, бүгінге дейін жұрт жадында жатталып келген тұлға. Ол қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакер, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдар көсе әрдайым өзінің асқан айлакерлігімен мұратына жетіп отырған. Ел көсені қалай таныса, өмірде де тура сол қалпында болған деседі. Көк жәшіктен көріп жүргеніміздей ол қулығымен, асқан айлакерлігімен елге белгілі. Оның басты мақсаты, өмірлік ұстанымы сараң байларды, пайдакүнем саудагерлерді, озбыр ханды әжуа ету. Күлкіге қалдыру. Реті келсе, алдап қолында барын тартып алу. Өз заманында Алдар көсе талай рет сараң Шықбермес Шығайбайдың асын ішіп, атын мініп, қызын алған. Көптеген алыпсатар саудагерлердің көздерінше өгіздерін алып кететін көрінеді. Оның бұл әрекетін халық құптап, қоштамаса, айыптамайды екен. Өйткені Алдар әділетсіз билік иелерінен қиянат-қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі.
Алдар көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі десек артық болмас. Ол халықты рухани аздырмайды. Оған қатысты әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық маңызы өте зор. Қырғыз қазақ поэзиясында көптеп кездесетін Көсенің бейнесі зерттелмеген тақырып. Оның есімі әр деректерде әрқалай кездеседі.
Алдар көсенің өз туысы, өмірбаяны туралы ешбір дерек жоқ. Себебі Қазан төңкерісіне дейінгі тапқа бөлінген рушылдық, феодалдық, қоғамды алсақ соның қай дәуірі, қай кезеңі болсын барлығында көсе әңгімелерін, оқиға тақырыптары қона кетеді. Оның әңгімелерін сол заманның қайсысынан да табуға болады. Алайда осы күнге дейін кейбір ғалымдар ол туралы деректерді аңыз-әңгімелерден табуға тырысқан. Мәселен, қазақ ауыз әдебиетінде Алдардың ата-анадан туылуы жайлы әңгімелер көп кездеседі. Соның бірі «Қазақ ертегілері» жинағының үшінші томында «Алдардың тууы» атты аңыз-ертегіде Алдардың әкесі Алдан деген момын адам болған дейді.
Аңыз «Алдардың әкесі Алдан момын адам болыпты. Оның өмір бойы кәсібі қой бағу. Баққан қойы байдікі болған» деп басталады екен. Бай Алданды жалдағанда: «Асты жатып ішесің...Бардан ауысады, балдан жұғысады, жүзді айдап, бірді жетелейсің», – деп алдайды. Алдан малын жылдап бағып ақысын сұрағанда «есің кетсе ешкі жый» деген деп жалғыз ешкі жетектетеді. Алдан ақысын даулап алдына барса, оны хан да алдайды, «шариғат солай» деп қазы да, басы ауырып барса бақсы да, базарға барса, саудагер де, «көзіңді жұмсаң керемет көресің» деп ұры да алдап шыға келеді. Сөйтіп Алдан ешкімнен әділдік, теңдік таппай зарығып, торығып жүргенде өмірге Алдар келеді. Оны әлдилеп отырып әкесі:
«Алдаушы арсыз көбейіп, ардан тойдым, қарағым. Әділеттік таба алмай, заңнан тойдым қарағым. Арсыз заман азаптап, жаннан тойдым қарағым. осының барлығына араша болсын деп, атыңды Алдар қойдым, қарағым...» – деп жауыздықтан көрген қорлығын, ызасын баласының бойына ана сүтімен, бесік жырымен бірге сіңіреді. Алдар есі кіріп, тілі шығысымен-ақ әкесіне:
«Ержетейін, ел аралайын. Алдаушылармен арбасып көрейін!» деп уәде береді де, оны артығымен орындайды. Осыдан кейін «Баяғыда хан Жәнібек тұсында Қожыр деген бір шал болыпты. Қарттың үш баласы болыпты», – деп басталатын «Алдар атануы» дейтін екінші бір аңызға ғалымдар оның қалай Алдар атанғандығын көрсететін мәліметтерге жүгінеді.
Сол шал балаларына «Кәні, қайсың қандай кәсіппен мені асырайсыңдар?» деген екен. Сонда кенже баласы «Ей, ата, мен алдасам, Жын болса арбасам. Жұрт істейтін кәсіп көп, Алдауды бер қаласам» дейді. Сонда қарт:
«Кенжем, сенің қалағаның алдау болса... бұл бір өзгеше кәсіп екен. Сенің де алдыңнан жарылқасын, Алдар бол! – деп қолын жайып батасын береді.
Алдар көсенің туған, өлген уақыты жөнінде ауызша да, жазбаша да дерек жоқ. Тек қана өмір сүрген ортасын, дәуірін жорамалдайтын жанама мәліметтер көптеп ұшырасады. Ал мына бір дерекке көз жүгіртіп көріңіз. Самарқанд өлкесінде Жәнібек заманында ... Рамадан елінде Шумрай атты кісінің отбасында Зали есімді ұлы дүниеге келеді. Баланың айлакерлігіне барша жұрт таң қалады. Бұл Өзбек ауыз әдебиетінен бүгінге жеткен мәлімет.
«Сол уақыттарда Жиренше шешен атты бір данышпан өмір сүріпті. Ол әрбір сөзі үшін ханнан мың теңге алатын еді. Оның сөзі бір кітап болатын. Бір күні Жиренше ақшаларын қоржынына салып, атқа мініп, жолға шығып бара жатады. Жолда кездейсоқ Құдайдың баласына жолығады. Екеуі сөйлесіп, ақырында Жиренше шешен бола тұра баланың сөзіне жауап таба алмай жарылып өледі. Осылайша Жиреншенің аты мен барлық ақшасы балаға қалады. Кейіннен оның аты даңққа айналып, бүкіл әлемге тарайды. Ер жетіп, отызға жетсе де, бетінде түгі жоқ, иегі шаштараздың қайрағынан да тегіс болатын. Бетіне шыбын қонса аяғы тайып тұра алмайтындай болған. Осылайша ол ел арасында Алдар көсе», – деген атқа ие болады. Осы пікір қазақ халқының тарихында өмір сүрген Жәнібек ханның заманына тура келеді. Дәл осы кітаптың екінші бір жерінде:
«Патша оның қай қаладан, қай елден келгендігін сұрапты. Байлар: «Өзі өзбек, қазақ елінен болады», – деп жауап беріпті. Одан кейін Қазақ еліне адам жіберіп, іздестіріп, Үргеніш шөлінде Рамадан елінде Алдар көсенің ауылын тауыпты деп айтылған пікірде Көсенің қазақ арасынан, Рамадан руынан, Кіші жүздің мекендеген жері Үргеніш шөлінен табылғандығы айтылады.
Қолға тиген мысалдарға қарап, Алдар образының өзбек және қазақ халықтарының фольклорында ортақ кейіпкер екендігін анық аңғаруға болады. Алайда аңыз-әңгімелер ғылыми еңбек болып саналмағандықтан, бұлар нақты дәлел бола алмайды. Сонымен бірге Алдар көсенің тарихта болған, өмір сүрген Жәнібек хан, Майқы, Төле бидің атына байланысты деректерде кездесетіндігін айтатын ғалымдар да болған. Қазақ ауыз әдебиетінің тарихи аңыз-әңгімелерді зерттеген ғалым Б.Адамбаев «Тарихи адамдар қазақтың аңыз-әңгімелерінің екінші бөлігі ХIV-ХVI ғасырларда өмір сүрген Асанқайғы, Алдар көсе және Жиренше шешен төңірегіне топталған» дей отырып, Көсені ХIV-ХVI ғасырларда өмір сүрген деп көрсетеді. Осының негізінде ғалымдар «Шағатай нәсілінен шыққан Алаша ханды Жошы нәсілінен шыққан Шайбақ деген хан Ортатөбеде соғыста өлтіріп, қазақтарды өзіне қосып алады. Кейін Жәнібек пен Керей бастаған қазақ хандығы орнына құрылады. Демек Алаша хан мен Жәнібек арасында мирастық, жалғастық бар, Нақтылы туған, өлген уақыттары мәлім болмағанымен Алдар көсе осы хандардың тұсында өмір сүрген тарихи адам деуге негіз бар», деп сөзін жалғастырады. Алайда Дулат тайпасының билеушілері отбасында дүниеге келген М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деп аталтын тарихи-мемуарлық шығармасының тарауларынан берілген мәліметтерге сүйенетін болсақ, жоғарыда айтып кеткен пікірдің қате екендігіне көз жеткізуге болады.
Алдарды түбегейлі зерттеп үлгермеген өзбек ғалымы Коми Имомов «Көсе атымен атақты болған осы бір ертегі кейіпкердің тарихи тұлға немесе ойдан шыққан әдеби образ екендігін анықтап, оның ортаға шыққан жерін табу қиын» деген пікірі арқылы «Көсе өмірде болған кісі ма яки халық өзі ойлап шығарған кейіпкер ме?» деген сұрақты шүбәланып, сенімсіздікпен жеткізеді. Бірақ Алдар шын өмірде өзіндік орны болған кейіпкер. Сондықтан бүгінге дейін оған көптеген зерттеулер жүргізіліп, бастан өткен оқиғалары баяндалып, жүрген жолдары мен айтқан сөздері жеткізіліп келеді.
Қазақ арасында туылып өскен Алдар көсе бейнесі туысқан өзбек, түрікмен ауыз әдебиеті арқылы ертегідегі Жібек жолымен тілі бөлек, Иран мемлекетіндегі парсы тіліне қосылатын халықтар ауыз әдебиетіне «Алдар», «Көсе», «Аяр», «Шум бала» (Тентек бала) атымен жетіп барғанын көруге болады. Мысалы, «Персидские сказки» де Алдар мен Көсенің аты бір қолданбай жеке-жеке кейіпкер есебінде аталатынын көреміз. Алдар да, Көсе де, Аяр, Қу бала да өзінше түрлі-түрлі мазмұн мен пішінді бейнелейді. Бірде өмірден безіп дуана пішінінде, кейде ақылды, данышпан, мәртебелі ұлы адам бейнесінде көрінсе, «Қырық көсе» аңызында сиқырлы, залым кісі, жағымсыз кейіпкер бейнесінде беріледі.
Алдар туралы өзбек, қырғыз зерттеулерінде оны сүйкімсіз адам кейпінде келтіріп, жағымсыз қылықтарымен ел ішіне сыймағанын көптеп жеткізеді екен. Алайда Алдар көсе халықтың бай мен ханнан, саудагер мен ұрыдан көрген зарын тыңдап, сәйкесінше елді жылатқандарды алдап-арбап, қолындағысын тартып алып, зар қақсатқан. Өзінің тұрмысы аса қатты жақсы болмаса да, жағдайы төмен халыққа қолында барды таратып беретін көрінеді. Сол үшін ел ақсақалдарынан бата алып, барша халықтың алғысына бөленген.
Түптеп келгенде Алдар ешқандай қолдан жасалған кейіпкер немесе ойдан шыққан адам емес. Оған дәлел Ә.Марғұланның Алдар көсе жайындағы әңгімелерінің шыққан тегі қазақ топырағы деген пікірі десек те болады. Ол аз десеңіз, Алдар көсенің ертеден бері келе жатқан кейіпкер екенін М.Әуезов те айтады: «Алдар көсе жайындағы қазақ айтатын әңгімелер көпке мәлім, көп қызықтаған, алыс заманнан келе жатқан әңгімелер. Ол жайындағы әңгімелер жалғыз қазақ еліне ғана емес, сыбайлас, туыстас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен елдерінде де бар. Онда да Алдар бір пішінді күлдіргі, алдағыш, мазақшы болып көрінеді...».
Оны зерттеген көптеген ғалымдар оның өмір сүрген дәуірін анықтауға тырысқан. Тіпті қай рудан шыққан да айтып көрсеткен. Бірақ аңыз-әңгімелер ғылыми дәйек бола алмайтыны анық. Сол себепті бұл жөнінде дәлелді дерек көздерінің болмауына байланысты Алдар көсені тарихи тұлға деп дөп басып айту қиын. Дегенмен қазақ халқы жүргізілген зерттеулерге қарамастан оның нақты өмір сүргеніне нанып, тіпті кейінгі ұрпақ осы сенімге илана берері анық.

Абзал ЖОЛТЕРЕК