Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ақша бұлтты Ақтан батыр

Ақша бұлтты Ақтан батыр

Қазалы ауданының аумағы кие мен сырға тұнған шежіреге бай жер деп айтуға негіз бар. Қасиетті мекеннен небір шайыр, қара қылды қақ жарған би-шешендер, елді ерлік-айбатымен тамсантқан батырлар шыққан. Олар жайлы аңыз-әңгімелер бүгінге дейін халық санасында жаңғырып тұр.
Солардың қатарына Ақтан Ақайұлын қосуға болады. Тарихи жазбаларды қарасақ, ол шамамен 1770 жылы туылып, 1854 жылы көз жұмған. Халықтың сүйікті батыры Қаракесек руынан шыққан. Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі, Хиуа, Қоқан бекіністеріне жасалған жорықтарға қатысқан. Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданы Арықбалық ауылында (бұрынғы Қазақстанның 40 жылдығы совхозы) дүниеге келген. Батырдың бейіті Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Берсүгір бекетінен батысқа қарай 30-35 шақырым жердегі Мұғалжар тауының баурайындағы «Тебенсай» алқабында орналасқан. Осы зиратқа Ақтан батырдың інісі Шортай да жерленген.
ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға ұдайы шапқыншылық жасады. Қаныпезерлер олардың малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқындап отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрды. 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен жасақ шығарып, бейбіт елге шабуылдап, алым-салық жинап тұрған. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа батыр Ақтанмен бірге көне Жанкенттің жанындағы Хиуа бекінісі Жаңақаланы тас-талқан етеді.
Деректер бойынша, бұл оқиға 1842 жылы болған. Жаңақаланы алардағы ұйымдастырушылығы мен жанқиярлық батырлығы үшін халық Ақтан Ақайұлын бүгінгі күнге дейін қазақтың қайсар батырларының бірі деп біледі.
Сондай-ақ осы жылдың қазан айында Хиуа хандығының Сыр бойы қазақтарынан ұшыр, зекет жинауға қойылған найыбы Бабажан сарттың көне Жанкент шаһарының маңындағы бекінісі Бесқаланы аларда айрықша ерлік көрсеткен. Ақтан батыр бастаған қазақ сарбаздары қамалды қоршауға алып, Бабажанды қолға түсіріп, Жанқожа батырдың үкімімен жазалаған.
1997 жылы Ақтан бабаға сапалы кiрпiштен халықтың күшiмен Ақтан батыр ауылында ескерткіш-кесене тұрғызылды. Халқымыздың тәуелсiздiгi жолында ел-жұртын жаудан қорғаған жолбарыс жүректі батырлардың бiрi – Ақтан Ақайұлын халық әулие санап, пiр тұтады.
Мамандардың айтуынша, Ақтан батыр кесенесi орналасқан архитектуралық ескерткiшіне арнайы қорғау аймағы белгіленген. Ақтан өз заманында Жанқожа батырдың досы, үзеңгiлес жолдасы, қарулас серiгi болған. Халқын қорғау үшiн Ақтан Сырда жүрсе, Жанқожа Қырда жүрген. Ақтан батыр атақты Жақау батырдың шөбересі. Батырдың атасы Сыр өңірінде XVIII ғасырда өмір сүрген. Жанқожа батыр жорыққа шығарда әрдайым Ақтанмен ақылдасып отырған деседі. Ақтан батыр жауға аттанар шақта аспанды бұлт торлап, дауыл тұратын көрінеді. Артынша найзағай ойнап, жауын құйған. Осы қасиетіне байланысты жергілікті халық оны «бұлты бар батыр» деп атаған.
Елім деп еңіреген батыр 84 жасында қайтыс болған. Бүгінде бұрынғы Арықбалық елді мекеніне Ақтан батырдың есімі берілген.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
28 сәуір 2020 ж. 2 645 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930