Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » Береке мен молшылық болсын десеңіз

Береке мен молшылық болсын десеңіз

Шаңырағында әрдайым береке мен бақыт болуын тілемейтін адам жоқ. Алайда солай болуы үшін тілеп қана қою аз екен. Үйде береке мен молшылық болу үшін белгілі бір ережелерді ұстану керек.
• Әр адамда өзіне тиесілі энергетика (қуат) болады. Ол жақсы және жаман нәрсені жинақтайды. Ал баспана – сол қуаттың жинақталатын жері. Егер жаман қуат көбейсе, шаңырақта келеңсіздік, түрлі жайсыздықтар күш ала бастайды. Жақсы қуат мол болса, үйде береке мен молшылық үстемдік құрмақ. Сондықтан адам жақсы қуатты сақтауға тырысуы қажет. Ол үшін жақсы нәрселерді ойлап, балағаттан аулақ болған жоқ.
• «Жоқ» деген сөз жаман қуатқа жатады. «Жалақым аз, түкке жетпейді» деген сөздер берекені қашыра түседі. Мұндай сөз жиі айтылып, осындай ой үстемдік құрған үйде жоқшылық күшейе түседі. Олай болмау үшін жоқшылықты айта бермеңіз, қайта «ақша түскенде мынадай зат аламын» деген секілді жоспар құрып, жақсылықты шақыра біліңіз.
• Ұдайы жанжал мен ұрыс-керіс болатын ерлі-зайыптылардың баспанасында жаман қуат өте ұзақ сақталады. Мұндай шаңырақта балалар жиі ауырады. Тіпті адам өз үйінен басқа жаққа шығып кеткісі келіп тұрады. Өйткені ашумен айтылған сөздердің қуаты мол. Оған жол бермеу үшін ұрсыспаңыз. Ал болмай бара жатса, жанға ауыр тиетін әңгімелерді басқа жақта айтыңыз. Сонда жаман қуат үйден аулақ болады.
• Шаңырақта тек көңілді естеліктер, керемет күлкі мен арман-қиял, жақсы жоспарлар айтылуы тиіс.
• Отбасының әрбір мүшесі бір-біріне жылылықпен қарап, арам пиғылдан аулақ болса, үйде жақсы қуат қалыптасып, ол сәттілік пен бақытқа, берекеге жол ашады.
• Жаңа пәтер сатып алсаңыз, алдымен бұрынғы қожайыннан қалған жаман қуаттан арылудың амалдарын жасаңыз. Ол үшін шырақ не киелі шөптердің қураған бұтақтарын жандырып, үйдің ішін түтінімен аластап өтуге болады. Тіпті кейбіреулері үйдің босағасының жоғары жағына қоңырау іліп қойып жатады. Мұның бәрі қазақи қорғаныштың бір түрі.
Есіңізде болсын, үнемі күліп жүретін, өзіне сенімді адамның жанында шуақты, ал өзіне, өмірге де көңілі толмайтындардың айналасында ойды шатастыратын қуат болады. Сондықтан ұрыспаңыздар, жақсы дүниелерді ойлап, күліп жүріңіздер, сонда шаңырағыңызда береке мен тыныштық болады.
massaget.kz
19 ақпан 2020 ж. 112 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031