Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Табысты уақыт – жастық шақ

Табысты уақыт – жастық шақ

Имам Раббани хазреттері «Мәктубат» кітабында:
"Жастық шақта нәпістің қалаулары адамдарды қаптап тұрғанымен, білім алатын, ғибадат жасайтын ең пайдалы уақыт – жастық шақ. Жас кезде шәһуат, қызбалық тасып тұрған кезде Ислам дінінің бір әмірін орындау қартайған кезде жасалған дәл сол ғибадаттан әлдеқайда үстем және құнды болады. Өйткені, кедергілерге қарсы ғибадат жасау қиындығы, ауыртпалығы сол ғибадаттардың қадірін, маңыздылығын аспанға дейін көтереді. Кедергісіз, оңай жасалған ғибадаттар төменде қалады. Сондықтан да, адамдардың үстемдері періштелердің үстемдерінен жоғары болған. Өйткені, адам кедергілердің арасында ғибадат етеді. Ал періштелер кедергісіз әмірге бағынады. Соғыс кезінде әскердің маңызы артады және қақтығыста аздаған қызметі бейбітшілік заманында үлкен қайраттылықтарынан да құнды болады. Жас кездегі қалаулар – Аллаһу та'аланың дұшпаны болған нәпіс пен шайтан жақсы көретін нәрселер. Ал Исламға сай нәрселер – Аллаһу та'аланың жақсы көретін нәрселері. Аллаһу та'аланың дұшпандарын қуантып, бүкіл ниғметтерді берген шынайы иесін ашуландыру ақылды және парасатты адамның ісі емес. Аллаһу та'ала бәрімізге ақылға сай әрекет етуді нәсіп етіп, нәпіске, шайтанға және мұсылман атанып жүрген дін дұшпандарының сөздері мен жазуларына алданудан сақтасын!" – дейді.
Әсіресе дінсіздер, мұсылмандарды мазақ қылатындар көбейген уақытта жасалған аздаған ғибадатқа, дұрыс болу шартымен, еселеніп көбейтілген сауап беріледі. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтқан:
«Ей, сахабаларым! Сендер сондай уақытта келдіңдер, Аллаһу та'аланың әмірлерінен оннан тоғызын орындап, біреуін орындамасаңдар, құрисыңдар, тозаққа түсесіңдер! Бір заман келеді, ол заманның мұсылмандары әмірлердің біреуін орындай алып, тоғызын тастаса, тозақтан құтылады. Ол заманда иманды болғандарға сүйінші болсын!»
Пайғамбарымыздан мұның себебін сұрағанда Ол:
«Өйткені, сендердің қайыр іс жасауға көп көмекшілерің бар. Олар көмекші таба алмаумен қатар, әртүрлі кедергілерге де тап болады. Надандар, сауатсыздар арасында жалғыз қалады» деп жауап берді.
islamdini.kz

05 ақпан 2020 ж. 1 612 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 31

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930