Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Баталы жанға бақ қонар

Баталы жанға бақ қонар

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің «Өнеге» музейлік жобасы бойынша Қазалы қалалық ардагерлер арасында «Баталы жанға бақ қонар» атты сайыс өтті. Ақсақалдар төрт түрлі бағытта бата айтып, сынға түсті.

Ғасырлар бойы ауыздан-ауызға тарап, мән-маңызын жоймай келе жатқан бата – қазақ салт-дәстүрінің бірі. Бата берілген кезде үлкен-кіші ықыласпен тыңдап, оған сеніммен қарайды.

– Ескірмеген салттың бірі – бата беру. Қазақ бала кезден ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек бата алуға тәрбиелеген. Ұлық дәстүрдің адам өміріне тигізер әсері зор. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатындығына халық ешқашан күмән келтірмеген. Атадан-балаға мирас болып жеткен, ұлы мұрамызды насихаттауды жөн көріп, осы шараны ұйымдастырып отырмыз, – дейді музей директоры Роза Асанова.

Батагөйлер байқауындағы қариялар өнерін «Өнеге» бірлестігінің мүшелері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Мәлкайдар Дүйсен, «Семей-Невада» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша төрағасы Өмірбек Күлімбетов, «Нұралы» мешітінің иамамы Қайрат қажы Дәуіржанұлы бағалады. Ереже бойынша қарттар тұрмыстық, тұлғалық, ел мен жерге байланысты және сапар-жорық батасын берді.
Сайыс қорытындысында жүлделі бірінші орынды Құдайберген Естайлақов иеленді. Ол көп жыл қалалық автобазада еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан. Қазірдің өзінде қоғамдық жұмысқа белсене араласып, жас ұрпаққа білгенін үйретуден жалыққан емес. Ал екінші орынды аудандық, облыстық батагөйлер сайысының бірнеше рет жеңімпазы атанған Ермекбай Жұбаниязов алды. Түрлі мекемеде еселі еңбек еткен Ермекбай ақсақал көптеген мерекелік медаль мен Құрмет грамотосы, Алғыс хаттың иегері. Үшінші орынға лайық деп танылған Сәдірбек Қаниев те өзіне жүктелген қызметтерді абыроймен атқарып, бүгінде бейнетінің зейнетін көруде.

Сайыстың екінші бөлімінде «Өнеге» бірлестігінің мүшесі, ардагер ұстаз Қазыбай Саниязов белгілі ақындардың өлеңін оқып, көрермендерге өнегеге толы халық аузында жүрген шежірелі әңгіме айтты. Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері қарттардың құрметіне ән айтып, жыр шумақтарын арнады.
Жеңімпаздарға арнайы диплом мен ақшалай сыйлық табысталды.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

14 желтоқсан 2019 ж. 1 326 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930