Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Елімнің жүрегі – Астана

Елімнің жүрегі – Астана

Тәуелсіз Қазақстан 1997 жылы өзінің жаңа астанасын Сарыарқа төсінен белгілегенде, құтты қоныс жалынды жыр, күмбірлі күй, әсерлі ән, керемет киноға тақырып болды. Еңселі Елорданың даму қарқыны өнер адамдарының шабытына шырқау болып, керім қаланың көркем бейнесін одан әрі кемелдендіре түсті. Осындай шоқтығы биік шығарма – «Елімнің жүрегі – Астана» әнін бүгінде білмейтіндер кемде-кем.

Елім деп еміренген әрбір адамды ерекше сезімге бөлеп, жанарына жас, жадыңа қуаныш сезімін ұялатып, көп концерттің шымылдығын ашып, қазақ елінің бас қаласын әлемге мәшһүр еткен табысты туынды авторының бірі қазалылық екенін көптің бірі білсе, бірі білмейді.

Алтынай Жорабаева өз репер­туарын­дағы жұршылық жүрегінен орын алған әннің шығу тарихы туралы сұхбатында былайша еске алады.

«2002 жылдың соңғы күндері еді. Ол кезде музыкалық жетекшім Қайрат Жәнібеков аға композитор Махамбет Түгелбаевтың жаңа әні туғанын айтып, шақыртты. Барып, тыңдадық.

Үшеуіміз үш жақтан куплеті, қайыр­масы, шарықтау шегі туралы жан-жақты пікір қосудамыз. Махамбет ағамыз күйсандықта, қалған екеуіміз пернені басып отырмыз. Бір кезде Қайрат аға: «Қайырмасы «Жарқырап жайнай берші, сен Астана» деген сөзге сұранып тұрған әуен, – деп ойламаған жерден тың пікірін айтты. Біз де келісе кеттік. Осылайша сәл өзгешелік енгізіп, ұжымдық жұмыс ретінде бірігіп өңдеу нәтижесінде әдемі саз туды. Сол күні түнгі екілер шамасында ақын Сараш Қоңырбаеваға хабарласып, сөз жазып беруін өтіндік. Ол кісі шабыттанып, толқып, тебіреніспен небәрі жиырма минутта әнге лайықталған мәтінді дайын етті»,
– дейді.

Біз осылайша алғаш махаббат туралы ән болады деп ойлаған шығарма сазындағы лирикалық терең иірім па­триоттық мазмұнға айналыпты. Әннің қанық бояуын тілге жеңіл, жанға жағымды шумақпен суреттеген ақын, музыкант, ғалым, педагог, Қазалы жерінің тумасы Сараш Сахиқызының да жасампаз қаланың жарқын көрінісін жүрекке жеткізуде үлесі өте зор. Мұнан өзге бірнеше әнге сөз жазған жерлесіміздің Елордаға деген алғаусыз көңілі аңғарылады.

Ән халық ықыласына бөленгені сонша, алғаш сахнада орындалған күннен бастап танымалдыққа ие, сұранысқа сай өнер туындысы қатарынан табылған.

Эстрада жұлдызы А.Жорабаева бұл туралы естелігінде:
«Сахнада ән орындап тұрған сәтім еді. Көзім композитор Төлеген Мұхамеджановқа түсіп кетті. Жылап отыр екен. Кейін толқыған себебін сұрағанымда: «Әнді тыңдап отырып көкейімде жүрген сан сауалдың жауабын таптым. Астанаға бекер келмегендігімді сезіндім. Сондықтан болар, бұл әнді тыңдаған сайын тыңдағым келе береді. Көзіме жас үйіртсе де, жанымды рухтандыра түседі», – деді.

Менің орындауымдағы ән бір адам­ның мақсатын орнықтырып, сұра­ғына жауап берсе, ол мен үшін баға жетпес жетістік.

«Елімнің жүрегі Астана» Тұңғыш Президенттің қатысуымен өтетін кон­церт­тердің бәрінде орындалады. Сонда қанша рет байқағаным, Елбасы үнемі қосылып бірге айтып отырады. Міне, меніңше, ән мен әншінің халық мерейіне бөленуі деген осы», – дейді ағынан жарыла.

«Елімнің жүрегі Астана» 2003 жылы «Азия дауысы» аясында ұйымдас­тырылған байқауда жүлделі орынды еншілеп, халықтың ыстық ықыласына бөленген.

Нұрсұлтан қаласы туралы қаншама көркем әуен жазылса да, көрермен Алтынай айтатын әнді әлі іздейді, орындалса, қосыла шырқайды. Әнші ғасыр­дың ғаламат бейнесін өн бойына алтын арқау еткен есті, өміршең әнді шығармашылығының ғана емес, бас қаланың бойтұмары санайды.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
06 шілде 2019 ж. 2 326 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930