Халықаралық музей күніне орай Әйтеке би кентінде музей түні болды. Аудандық тарихи-өлкетану мұржайының ұйымдастыруымен өткен шара аясында Қазалы теміржол вокзалының перронында «Музей – халықтың асыл қазынасы» тақырыбындағы көрме қонақтар мен аудан тұрғындарына таныстырылды....
Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Шараға келгендер аудандық орталық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Мәдениет – мәңгі, өнер – өміршең» атты кітап көрмесі және кітап инсталляциясымен танысты....
Сәрсенбі күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Шымкентте өткен әйелдер боксынан Қазақстанның V жазғы спартакиадасының жеңімпазы Ақерке Бақытжан мен қола медаль иегері Аида Оңдаш және Қостанайдағы ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің чемпиондары Алтынай Тәңірберген, Таисия Алексееваны...
Аудан орталығынан шалғайдағы Ақжона ауылдық округіне қарасты «Жалпақ» елді мекеніне сервистік су желісі тартылып жатыр. Бұл жаңалықты естіген ауыл халқының қуанышында шек жоқ. Аудан басшылығы небәрі 9 үй ғана болса да назардан тыс қалдырмай, қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға көңіл бөлуде....
Бір бойына бірнеше өнерді тоғыстырған Айгүл Маратқызы алғаш еңбек жолын 2003 жылы Жанқожа батыр атындағы №70 мектепте ән-әуез пәнінің мұғалімі болып бастады. 2005 жылы Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде көркемдік жетекші, әдіскер болды. Қазір орталықтағы әдістемелік бөлімнің меңгерушісі....
Қазалыда талантымен талайды тамсандырған өнерпаздар шоғыраланған ауыл бар. Бұл өнер өлкесінде әнші де, жыршы да, термеші де, сазгер де туылған. Мәдениеттің майталмандары дүниеге келген. Таңдайына бозторғай ұя салған жезтаңдай әншілердің ауылы – Лақалы деп аталады....
Қазалы ауданы бойынша 26 көпшілік кітапхана халыққа рухани-мәдени қызмет көрсетеді. Олар аудандық орталық, балалар, №5 кенттік, №1 қалалық, қалалық балалар және 21 ауылдық кітапхана....