Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент

Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды мәлімдеді. 

Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет тұр — Президент
Фото: Ақорда
— Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз, — деді ол.
Сонымен бірге, Президент Еуразияның негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін Қазақстанның алдында бірқатар маңызды міндет бар екенін атап өтті.
— Ең алдымен, халықаралық бағыттарды қоса алғанда, көлік саласын толық цифрландыру қажет. Жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз жүк құжаттары арқылы басқару — ақылға қонымсыз. Бұл — тығырыққа тірейтін жол, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Президент үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау беруді ұсынғанын жазғанбыз.


28 қазан 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031