Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

Заманауи жолдар мен жол бойындағы сапалы қызмет көрсету инфрақұрылымы болмаса, Қазақстан халықаралық транзит дәлізі немесе Еуразиядағы көлік-логистика орталығы бола алмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

а
Фото: Видеодан алынған скрин
Президент мәселенің маңызы зор екенін, оны қалай болғанда да шешу қажеттігін баса айтты.
– Егер шекара бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісін тудыратын «тар өткелге» айналса, ал қазіргі жағдай осындай болса, онда Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығы туралы сөз қозғаудың өзі артық, – деп сынға алды Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, Еуропа мен Азияны жалғайтын негізгі әуе дәліздері еліміздің аумағы арқылы өтеді. Бұл – елімізге үлкен бәсекелік артықшылық беретін мүмкіндік.
– Алайда әзірге бұл әдемі презентацияларда қалып отыр. Осы мүмкіндікті іс жүзінде пайдалану үшін жерүсті сервистік инфрақұрылымын дамыту қажет. Бұл – әлемдік тәжірибеде қалыптасқан тәсіл. Ал қазір қомақты табыс көздері елімізді айналып өтуде, – деді ол.
Тоқаев «Air Cargo» жеке компаниясына үлкен үміт артылғанын атап өтті.
– Оның қаржылық мүмкіндігі мол, соның ішінде шетелдің жетекші мамандарының еңбекақысын төлеуге де қауқарлы. Сондай-ақ компания дербес шешім қабылдай алады. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім де, нәтиже де жоқ. Сіздерге сенім арттық. Енді нақты нәтиже күтеміз, – деді Президент.
Айта кетейік, биылғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталады.
Бұған дейін Президент Ұлттық қордың ең басты миссиясын атаған еді.


28 қазан 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031