Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Қазақтану» бірлікті бекемдейді

«Қазақтану» бірлікті бекемдейді

Қызылордада қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған лекторий өтті. Лекторийдің пленарлық мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысты. Шара басталмас бұрын меймандар қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады.
Өткен маусым айында еліміз бойынша алғаш боп Ақмола облысынан ғылыми-ағартушылық «Қазақтану» жобасы бастау алды. Жоба идеясы ҚХА-ның XXVI сессиясында көтерілген еді. Негізгі мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында барша қазақстандықтың ортақ мәдени коды, біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халықтың бірлігін нығайту. Сондай-ақ, этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге басымдық беріледі.
– Жаяуды көрсе – атын, адасқанды көрсе – төрін, ашыққанды көрсе – алдындағы асын беретін, аттың жалында, түйенің қомында жүрген қазақ халқы ежелден адамдарды діні, ділі, ұлтына бөліп қарамай, барлығын жақынындай көріп бауырына тартқан. Біз ұлттық болмыс дегенде салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды ғана емес, ұлттық мінез-құлық, адамгершілік қағидаларын да айтуға тиіспіз. Осы құндылықтарымызды көздің қарашығындай қорғап, заман талабына сай кәдеге асырған жағдайда ұлттық болмысымызды сақтап қалатынымыз анық, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыстың басын біріктірген Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдағы этносаралық келісімді сақтауға, ұлттық саясатты іске асыруға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосып келе жатқан бірегей институт. Бүгінде ол татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепіліне айналды. ҚХА төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко қиын-қыстау кезде сасқанға сая, талайға пана болған Сыр еліндегі озық тәжірибелер мен үлгілерге ерекше тоқталды.
– Облыстық Ассамблея жыл сайын қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар форумын өткізіп тұрады. Қазіргі күні өңірде 80 медиация кабинеті, 344 қоғамдық медиатор жұмыс істеуде. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылып, студенттер қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, мемлекеттілігі, этностық мәдениеттер, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлері туралы білім игеріп келеді. «Сыр елі – достық мекені» керуені қойнауына сыр бүккен киелі жерлердің тарихымен танысуға мүмкіндік беріп отыр, – деді ол.
Келелі басқосуда еліміздің зиялы қауым өкілдері үш жылға есептелген «Қазақтану» жобасының ұлт тұтастығына, ел бірлігіне апаратын қадам екенін жеткізді. Атап айтқанда, жазушы, әдебиет сыншысы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ вице-президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, жазушы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Мырзагелді Кемел, қоғам қайраткері, Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәби Аңсатов, республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп жобаның тиімділігі туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, ҚХА-ның түрлі құрылымдарында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды.
Екі күнге созылатын республикалық лекторий аясында облыс орталығында, Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарында шеберлік дәрістерін өткізу жоспарланған.
13 қыркүйек 2018 ж. 1 250 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930