Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ әншісі «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды

Қазақ әншісі «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды

Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кеше Өзбекстан Республикасы президентінің бір топ өнер, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік атақтармен марапаттау туралы Жарлығы шықты. Солардың арасында этникалық қазақ, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов "Өзбекстан халық әртісі" атағын алды деп хабарлайды Қазақпарат.
Жеңісбек Пиязов 1988 жылы Нөкіс қаласында дүниеге келген. Өзінің айтуынша, екінші сыныпта оқып жүрген кезінен бастап тойларда ән салған. Алайда, ол әнші емес, атасы сияқты актер болуды армандайды. Басылым дерегінше, бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің қаулысымен Жеңісбек Пиязовқа "Өзбекстан халық әртісі"атағы берілді. Қандасымыз 33 жасында осындай құрметті атаққа қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, өнер иесі Қарақалпақстанның еңбек сіңірген әртісі. Одан бөлек, Жеңісбек Пиязов Ла-Скалада өнер көрсеткен тұңғыш орта азиялық әнші.
25 тамыз 2021 ж. 661 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031