Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ізеевтердің ізгі жолы

Ізеевтердің ізгі жолы

Өнер өлкесінде өзіндік із, ән әлемінде қайталанбас қолтаңбасын қалдырған Ізеевтер отбасылық ансамблінің құрылғанына қырық жыл. Осы орайда Кәукей ауылында өнерлі отбасының жүріп өткен жолын өскелең ұрпаққа ­насихаттау мақсатында «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты кездесу кеші өтті.
1959 жылы Кәукей елді мекенінде «Қызыл отау» аталатын шағын мекеме жұмыс істеді. Оның ішінен ашылған клуб, кітапханаға өнер иелері ерлі-зайыпты Шамшырақ Ізей мен Мейірбану Әлиева басшылық етті. Сол кездері екінші дүниежүзілік ән фестивалінде халық күйшісі Қобылаш пен ақиық қобызшы, домбырашы Махамбет Әуезов, тағы басқа 250 адамнан құралған халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Шамшырақ Ізей Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» және «Сырымбет» әндерін, Мейірбану Әлиева халық әні «Ботакөз», «Ләйлім шырақты» жеке дауыста орындап, лауреат атанған-ды. Отыз екі жыл бойы бір орында табан аудармастан еңбек еткен Мейірбану Әлиева «Еңбек ардагері», «Құрмет» орденімен марапатталған. Бүгінде үлгілі отбасында дүниеге келген ұл-қыздар да өнерімен көпті тәнті етіп жүр. Ұрпақтар сабақтастығы деген осы емес пе?
Өмірін өнерімен өрнектеген жандар 1981 жылы «Ізеевтер» отбасылық вокалды ансамблін құрды. Құрамында соло-ритм гитарада Талғат, бас гитарада Бағдат, синтезаторда Шарапат, дауылпазда Қайрат, әншілер Айзада, Айгүл, Жанат, Ләззат, биші Сәнімкүл болды. Отбасылық ансамбльге Шарапат Ізей жетекшілік жасап, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері атанды.
Құрылғанына қырық жылға жуықтаған отбасылық ансамбль әлі де жұмысын тоқтатқан жоқ. Түрлі мәдени іс-шараларға белсене қатысып, аудан, облыс әкімі, «Nur Otan» партиясының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарын алды. Қазіргі таңда ансамбль құрамында 14 адам өнер көрсетеді.
Ансамбльге 1989-1991 жылдар аралығында клуб меңгерушісі Айгүл Ізей басшылық жасады. 1991 жылғы шілде айынан бастап, Кәукей ауылдық клубының меңгерушісі Шарапат Ізей жетекші. Өнерлі отбасы 2015 жылы «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, екінші орынды иеленді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Ретро әндер фестивалінде өнер көрсетіп, тыңдарман көзайымына айналып жүр. 1991 жылдың қыркүйек айынан ­бастап Мейірбану Әлиеваның ізін Жібек Шайхы жалғап, халыққа қызмет етеді. Ол қазір ансамбльдің концерт жүргізушісі әрі әншісі. Жиырма жеті жылдан бері кітапхана саласында еңбек етіп келеді.
Қазіргі кезде Ізеевтер отбасылық вокалды ансамблінің құрамында әнші Айзада, Айгүл, Қайрат, Гүлжанат, Жібек, Ринат, биші Ақерке, Аружан, ең кішкентай жас әншілер Асылжан, Рахат бар. Қайрат Шамшырақұлы аудандық «Ең үздік ән-әуез пәні мұғалімі» сайысының жеңімпазы. К.Дүйсекеев атындағы аудандық, облыстық «Туған жер» әншілер конкурсының жеңімпазы атанып, республикалық деңгейде өнер көрсетті. Ол ІІ Халықаралық «ХХІ ғасыр ұрпақтары даму тенденциясының педагогикалық һәм социокинетикалық парадигмалары», «Ғаламдық жаһандану жағдайындағы балалар ұйымдарының даму тенденциясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасаған. Шығармасы халықаралық «Лучшие люди» энциклопедиясына енген. Түркия мемлекетінде «Түркі мәдениеті» ұйымдастырумен өткен Халықаралық қорының Алғыс хатымен марапатталған. Қайрат қазіргі таңда білім саласында ең маңызды мәселелердің бірі – теле-интелектуалды және шығармашылық потенциалы жоғары, дарынды балалардың дамуына өркениетті жағдай жасауда. Шәкірттерге сапалы білім, үлгілі тәрбие беру жолында жемісті еңбек етіп келеді.
Айгүл Шамшыраққызы Әйтеке би кентіндегі «Айгөлек» балабақшасында музыка сабағынан дәріс береді. Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері. Өнерлі жан көптеген жетістікке қол жеткізді.
Ансамбльдің бишісі Ақерке Шамшырақова Алматы қаласы, Райымбек ауданы, Кенен Әзірбаев атындағы мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі қызметінде. Ол 2011 жылы Халықаралы ІІІ «Ақкөгершін» балалар шығармашылығы байқауында үшінші орын иеленіп, дипломант атанды. «Ізеевтер» отбасылық ансамблінің жас әншісі Ринат Шарапатұлы өнер жолын 5 жасынан бастады. Мектепішілік іс-шараларда өнерімен көзге түсіп, қоғамдық жұмыстардың белортасынан табылды. Клубтағы ән үйірмесінің белді мүшесі болды. Жас талант халықаралық, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері. Қазір Алматы қаласында КАЗГУ-дың үшінші курс студенті. Университет жанындағы «Студ-Весна» атты шығармашылық байқауына қатысып, бірінші орын алды. Халықаралық Қазақ Радиосының ұйымдастыруымен жастар арасында «Ән сал» атты старт өнер-шығармашылығы байқауының үш турлы байқауында бас жүлде еншіледі. Қазақстан телеарнасы «Таңшолпан» телебағдарламасына жолдама алды. «Мисс – Гранпри» атты шығармашылық байқауына қатысып, бас жүлде иеленді.
Ансамбльдің ең жас әншілері Асылжан және Рахат Шамшырақовтар. Асылжан Шарапатқызы Кәукей ауылындағы №225 орта мектебінің 4 сыныбында, Рахат Шамшырақ Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 5 сыныбында оқиды. Екеуі де ән әлеміне бала кезінен қанат қақты. Олар республикалық «Ақкөгершін» байқауының жүлдегері.
Өнер кешінде «Ізеевтер» отбасылық вокалды ансамблінің мүшелері Т.Базарбаевтың «Ауылым», Ш.Қалдаяқовтың «Кешікпей келем деп ең», «Бәрінен де сен сұлу», «Ана туралы жыр», С.Махамбеттің «Қазағым», С.Жүнісовтің «Менің жанұям», А.Қалаубаеваның «Пай, пай – шіркін-ай» және қазақ әндер жинағынан «Попури» орындап, халықтың қошеметіне бөленді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
22 ақпан 2020 ж. 1 529 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 58

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 51

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930