Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жүректің сөзін сөйле, тіл

Жүректің сөзін сөйле, тіл

Кәукей ауылындағы №225 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен ауылымыздың ақыны, тілші, аяулы ұстаз Қабылов Сәкен Ізбасарұлының шығармашылығына арналған "Жүректің сөзін сөйле, тіл" атты кеш өтті. Кеш барысында мектеп директоры Д.Мешітбай, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сауытбаев жүрекжарды жылы лебіздерін арнады.
Кештің шымылдығы автордың сөзіне жазылған әні Жолбарыс Сейфуллиннің "Кәукейім менің" әнімен ашылды. Сонымен қатар өлеңдері оқылып, "Жез киік, кешір адамды" балладасына көрініс қойылды.
Қабылов Сакен Ізбасарұлы 1971 жылы 4 желтоқсанда Қазалы ауданы, "Қызылқұм" ауылдық кеңесіне қарасты Ажар елді мекенінде дүниеге келген. Шәкіртке сапалы білімімен қоса саналы тәрбие берудегі ұстаздық еңбегі еленіп, Алматы қалалық білім басқармасының "Алғыс хатымен","Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті" Құрмет грамотасымен", аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Халықаралық Қазақ тілі бірлестігінің "Қазақ тілі" төсбелгісімен және "Qazaqstan ardagerleri" қауымдастығының (төрағасы Б. Смағұл) Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" медалімен марапатталған.
"Жүректің сөзін сөйле, тіл" жеке жыр жинағының және "Кәукейім менің" (С.Жолбарыс), "Тәуелсіз елім" (Қ.Изеев), "Ұстазым әні" ( Ә. Байсенгиров), "Қиялдағы қыз" (К.Өтеп), "Еркелеген елігім"(Б. Ерболат), "Сағынышым" (Н.Алғашбаев), "Ажарым-ғажабым" (Н.Алғашбаев), "Туған жерге сағыныш" (Б.Жібекәлі) әндерінің сөзін жазған.
Отбасында екі баласы бар.
Аяулым ҚАБЫЛ

21 қараша 2019 ж. 2 048 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930