Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жерлес әртіспен жүздесу

Жерлес әртіспен жүздесу

Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, жерлесіміз актриса Кәмила Әбжанованың 70 жылдық мерейтойына орай Л.Егембердиеваның «Көресіңді көрмей» атты спектаклі қойылды.

Жарты ғасырға жуық өмірін Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өткізген Кәмила Әбжанова талай образды сәтті сомдай білді. Дарынды жастың бұл салаға келуіне қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпанов себепші болған еді. Сол кісінің шақыртуымен 1972 жылы Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының студиясын, 1996 жылы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтының драма актері факультетін бітірді. Бұл оның бала күнгі арманына қанат бітіріп, алға қадам басуына мүмкіндік берді.

Бойындағы қабілетін шыңдап, кәсіби білім алған ол 1972 жылы Қызылордадағы театрға орналасты. Қасиетті өнер шаңырағында Кәмила Әбжанова шамамен жүзге жуық кейіпкердің кейпіне еніп, асқан шеберлігімен көрермен жүрегінен орын тапты. Атап айтқанда, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Мақпалды, Р.Отарбаевтың «Қандыөзек» спектаклінде Жалқытайдың анасын, Е.Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясында Толымды, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» поэтикалық драмасында Баронессаны, М.Ф.Ахундзаденің «Кетпейсің! Болды, кетпейсің!» комедиясында Ханперіні, Ә.Тәжібаевтың «Екі дәурен, бір ғұмырында» Ділдә бейнесін кемеліне келтіріп ойнаған.

Өнер майталманына арналған кеш басталмас бұрын қасиетті театрдың төрінде, сахна көгінде жұптаса жарқырап, Сыр елінің мәдениеті мен өнерін өркендетуге қосқан үлестері үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Алпысбайұлы мен зайыбы Кәмила Әбжановаға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап аудан әкімінің Алғыс хаты мен арнаулы ықылас гүлін табыс етті.
Спектакльдегі Ақдидар ана рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанова сомдады. Бірнеше жылдан бері талай рет қойылып, көрермен көңілінен шыққан туынды Кәмиланың жанына жақын. Себебі, ол қоғамнан, тағдырдан да тауқымет тартқан ана мұңын жан жүрегімен сезінді. Ой санасын ойсыратып өткен осынау әсерді көрермен көңіліне қапысыз жеткізе білді.

Шара соңында аудандық мəдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев Кәмила Əбжанова мен Бақытбек Алпысбайұлына мерейтойлық құттықтауы мен алғысын жеткізіп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.
Жиналған жұртшылық қойылымды көре отырып, жігерсіз ұл мен кесапат келіннің әрекетіне күйзеліп, шарасыз қалған ананы аяп, соңында жандарына жұбаныш тапқанына қуанып, спектакльден ерекше рухани азық алып тарасты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
19 қараша 2019 ж. 1 101 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 28

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 20

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 17

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930