Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өмірін өнерге арнаған

Өмірін өнерге арнаған

Ел іші – өнер кеніші. Бойындағы талант шоғын маздатып, қиындығы мен қызығы жетіп артылатын саланың салмағын мойнына жүктеген абзал жандар арамызда баршылық. Олар үнемі көрермендерге сергек сезім сыйлап, туған жердің мәдени-рухани жағынан өсіп, өрісінің кеңейе түсуіне аянбай атсалысып жүр. Солардың арасында КСРО мәдениетінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері, күйші, композитор, дирижер Орақ Рахашұлы Баубековтың шоқтығы биік.
Орекең «өнерім – өмірім» деп бүкіл қажыр-қайратын өнер жолына арнаған азамат. Ол орта мектепті бітірісімен аудандық мәдениет бөліміне қызметке орналасып, қарбаласқа толы ортаның ыстығына күйіп, суығына тоңа білді. Өңірдегі алғаш құрылған «Мырза» атындағы халық оркестрі мен «Қорқыт сазы» фольклорлық халық ансамблін ұйымдастырушылар қатарынан көрінді. Жерлес режиссер Ж.Тұрсынов сахналаған бірнеше спектакльдерде белгілі кейіпкерлерді сомдап, актерлік шеберлігімен де танылды. І Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты атанған.
Өнер жас талғамайды. Орекең бүгінде зейнеткерлік демалысына жетсе де қоғамдық ортадан қол үзбей келеді. 2011 жылы жастардың басын қосып, «Күй самалы» ансамблін құрды. Кейін өнерпаз ардагерлерді жинап, «Атамұра» ансамблін жасақтады. 2016 жылдан бері халықтық ансамбль атағын алған бұл өнер ұжымы қазіргі таңда облысқа таныла бастаған. Өмірін өнерімен өрімдеген ардақты аға биыл 70 жастың желкенінен ұстады.
Осыған орай Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында мерейтой иесінің құрметіне арналған «Асыл мұра» атты салтанатты кеш өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйледі.
– Аймақ жұртшылығы Орақ Рахашұлын өнер көкжиегінде өзіндік қолтаңбасы бар талант ретінде жақсы біледі. Оның сонау мектеп қабырғасында жүріп шығарған «Достарым», «Ойлану» атты күйлері мен «Шаттық күйі», «Өмір талабы», «Өшпес даңқың Ғани аға», «Батыр баба» сияқты көптеген туындылары тыңдармандардың рухани азығы болып, ел игілігіне айналуда. Оның бастамасымен құрылған «Атамұра» ардагерлер халық ансамблінің өнерпаздары аудандағы түрлі шаралардан қол үзбей, ұлттық мұраның шынайы жанашырына айналып отыр.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Рухани жаңғыру жолында бабалардан мирас болған ізгі қасиеттерімізді қайта түлетіп, ұлттық қазыналарымызды қастерлеп, мәдени құндылықтарымыз баршаның игілігіне айналып, құрметтелуі тиіс» деген болатын. Олай болса халқымыздың ұлттық өнерін үзбей насихаттап, кейінгі ұрпаққа өшпес мұраға қалдыруды мақсат еткен қажырлы еңбегіңіз жана берсін! – деген ол аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сонымен бірге облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының құттықтау хаттарын тапсырып, сый-сияпатын көрсетті.
Бұдан кейін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қарлығаш Жүсіпова, мәдени прюдессерлік орталығы директорының орынбасары Рая Ділімбетова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, Әйтеке би кентінің әкімі Жарасхан Мұратбаев, ардагер ұзтаз Күләш Мергенбаева, сыныптасы Есқара Қуандықов, әріптес інісі Ермекбай Ағыраев, ардагер ақын Жеткербай Махамбетов жылы лебізге толы ақ пейілдерін ақтарыла жеткізді. Өнер тарланының сан түрлі қырларын тілге тиек етіп, тойлық жоралғыларын жасады.
Өнер кешінде О.Баубековтің дирижерлік етуімен «Қорқыт сазы» ансамблі Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» күйін орындады. Сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өнерпаздары Мұрат Әділ, Жәнібек Құтмаханов, Ғалия Оспанова, Бижан Құрманбаев, «Атамұра» халықтық ардагерлер ансамблінің мүшелері Шамшагүл Захарова, Қарлыға Қалекеева, тағы басқалары әннен шашу шашып, басқосудың ажарын келтірді.
Аудандық орталық кітапхана ұжымы «Өнерің мәңгілік биікке самғасын» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, жиналғандардың өнер иесі туралы мол деректер алуына жағдай жасады.
Сахи ҚАПАР

11 маусым 2018 ж. 2 479 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031