Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Алагөзова "Рауза" телесериалына қатысты пікір білдірді

Алагөзова "Рауза" телесериалына қатысты пікір білдірді

Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында «Рауза» сериалының аяқталуына қатысты пікір білдірді.

«Рауза» сериалы да аяқталды. Соңы бақытсыз аяқталған сериал көрермендерін түсінемін. Бірақ бұл өмір және ол әрдайым жарқын емес. Бұл болған оқиғаның негізінде түсірілді. Бір талантты әншінің тағдыры осылай болды. Ол өз талантын көрсете алмай, өмірден ерте кетті. Ол қыз емес, ұл туған еді. Бірақ біз детальдерді өзгерттік. Бұл тәлкек болған тағдырлар туралы. Келесі сериалдарымызда біз оқиғаларды бақытты аяқтауға тырысамыз»-деп жазған продюсер.

Бас продюсері Баян Алагөзова болған «Рауза» сериалы «Хабар» телеарнасының эфиріне 23 қыркүйекте шыққан болатын. Сериал музыкалық драма жанрында түсірілген.

Сюжеті 90-шы жылдарды еске түсіреді. Рауза атты бойжеткен әнші, әртіс болуды армандайды. Музыкалық конкурстардың бірінде оны композитор байқап қалып, оған Алматыға баруға кеңес береді. Бірнеше жылдан кейін Раузаның не әншілік жолды не жеке өмірді таңдауына тура келеді. Бірақ бойжеткен ауылдан қалаға келеді. Бірақ қалада да жолы болмайды.

Басты рөлдерді сомдағандар: Жарқынай Шалқар, Қуаныш Керімқұлов, Айдар Асқарбек, Алмат Сакатов, Газрет Ержанов, Шерхан Пірназар, Асан Мажит, Асқар Жұмабек және басқалар.
reactor.inform.kz
11 қазан 2019 ж. 2 072 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031