"Онда барлығы нақты жазылған": Баян Алагөзова Құран Кәрім туралы
Танымал продюсер Баян Алагөзова Құранда отбасындағы ақшаның қалай жұмсалуы керектігіне қатысты не жазылғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Real Gap бағдарламасына сілтеме жасап.
Продюсердің айтуынша, ер адам отбасын асырауға, ал әйел адам өз тапқанын өзіне жұмсауға құқылы. Бұл конституция емес, шариғат бойынша екенін айтады ол.
«Құран Кәрім ережелері туралы айтатын болсақ, ол жақта барлығы нақты жазылып тұр. Әйелдің табатын ақшасы өзіне тиесілі. Ол оны тек өзіне жұмсауына болады және балаларды ақшалай асырауға міндетті емес. Егер біз осындай мұсылман болсақ, осы ережелерді бөлісейік», - дейді ол.
Әрі қарай Баян Алагөзова отбасын асырауға мәжбүр болатын әйелдерді түсінбейтінін айтты.
«Неге әйел адам жұмыс істейді? Өз ақшасына азық-түлік алып, пәтерақы, баланың оқуы деген сындыларды төлейді? Олай болса, Құран бойынша өмір сүрейік. Мысалы, Сауд Арабиясында конституция жоқ, олар Құранмен өмір сүреді. Ал біз конституциямен өмір сүреміз. Қай заңмен өмір сүрудің жақсырақ екенін талдайықшы. Шариғат бойынша ма? Әлде конституция бойынша ма?» - деп сауал тастады ол.
Сондай-ақ, ол отбасында ерлі-зайыптыларға құқықтары мен міндеттерін бөлісуге шақырды.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Баян Алагөзова Қазақстандағы қыздардың 99%-інің тұрмысқа қыз болып шықпайтынына сенімді екенін айтқан болатын.