Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Еркек болғанмын": Баян Алагөзова ерекше қасиеті туралы айтты

"Еркек болғанмын": Баян Алагөзова ерекше қасиеті туралы айтты

Баян Алагөзова ерекше қасиеті туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, сұлулыққа деген көзқарасын айтып берген. Бұрынғы өмірімде ер адам болғандықтан, әдемі әйелдерді қатты жақсы көремін дейді өнер иесі. Осылайша, Баян Алагөзова өзінің әдемілікке қызғанып емес, қызығып қарайтынын жеткізген.

"Бұрынғы өмірімде мен нақты еркек болғанмын. Өйткені маған әйел адамдар қатты ұнайды. Әсіресе әдемілері. Менің бойымда біреудің сұлулығы мен талантына қызғану деген қасиет жоқ. Керісінше оның сұлулығы мен талантын одан ары ашқым келіп тұрады. Мен әйел адамның болмысын жүрісіне, дене бітіміне, дауысына қарап тани аламын. Әйел адам болып туғанымның өзі бақыт шығар. Әйтпесе қаншама әйелдің жүрегін жаралайтын едім ғой", - деп күлдірді продюсер.

Баян Мақсатқызының бұл жазбасын көрген желідегілер де пікір білдіруге асыққан. Олар ойларымен бөлісіп, ішкі сезімдерін ортаға салуды ұмытпады. Продюсердің оқырмандары әйел адамның рөлін айқындауға тырысқан.

"Кемпірді қанша бояндырсаң да, қыз болмайды. Сондықтан әйел адам еркек емес, әйел болуы керек", "Егер әйел заты болып тумасаңыз, қазіргі айтқандарды түсінбейтін едіңіз. Өйткені біз әйелдер үнемі жұмбақ жандармыз", "Шын таланттар болса, көмектесуге болады. Ал талантсыз адамды танытамын деген бос әңгіме", - деп жазды желідегілер.

11 шілде 2019 ж. 1 921 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930