Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұлттық өнерді ұлықтаған

Ұлттық өнерді ұлықтаған

«Жеңіс» саябағының ауласында тігілген киіз үйде «Жайлаудағы ауыл» жобасы аясында Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі Қазалы қаласының тұрғыны, термеші Даража Тұрмағамбетқызының өнер жолына арналған «Домбыраммен мақтанам, домбыраммен шаттанам» атты танымдық шара өткізді.

«Күмбірле, қазағымның домбырасы» атты музыкалық аспаптар коллекциясынан ұйым­дастырылған жылжымалы көрме келушілер назарына ұсынылды.

Оған музей жанындағы «Өнеге» бірлестігі төрағасының орынбасары Өмір­бек Күлімбетов, мүшесі Қазыбай Санияз­ов және жергілікті жыршы Кеңес Болат­бекұлы, «Жайлаудағы ауыл» жобасы­ның ұйымдастырушылары, аудан жас­тары мен тұрғындар қатысты. Шара Даража Тұр­мағам­бетқызының марқұм болған інісі Кәрібай Тұрмағамбетұлының «Жыр бастау» термесімен басталды. Күміс көмейден жыр-терме төгілген кеште Нұртуғанның «Құлақ салып, сөз тыңда», Берік Жүсіптің «Анама», Қарасақал Ерімбеттің «Сыр сүлейлері», аралдық Өтеғұлдың термелері орындалды. Кеш иесі Даража Тұрмағамбетқызы әкесі мен анасы және бауырлары туралы естеліктерімен бөлісіп, қасиетті қара домбыраны қалай үйренгендігі туралы айтып берді.

– Әкем Тұрмағамбет алыс-жақынға аты таныс термеші еді. Балаларының ішінде өнерге ебі бар мені тоғыз жасымнан домбыра шертуге баулыды. Ауыл-аймақ, аудан көлеміндегі мәдени шараларда өнер көрсететінмін. Музыкалық арнайы білімім жоқ. Өнер әкемнен дарыған қасиет болуы керек, – дейді Д.Тұрмағамбетқызы.

Жыр кешін қорытындылаған музей меңгерушісі Р.Асанова кеш иесін туған күнімен құттықтап, ұжым атынан сый-құрмет көрсетті.

Қуандық ДАЙРАБАЙ

10 шілде 2019 ж. 1 415 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930