Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жұма, 15 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Жұма, 15 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 15 шілде, жұма күні Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.
Антициклон Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, оңтүстік-батысы мен орталығында жауын-шашынсыз, ашық ауа райын қалыптастырады.

Ал еліміздің қалған территориясында атмосфералық фронттарға байланысты найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде - шаңды дауыл, батысында – бұршақ, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
15 шілде 2022 ж. 637 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 111

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 126

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930