Синоптиктер бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болатынын хабарлады
26 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.
Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде найзағай, солтүстік-шығыста бұршақ және дауылды жел күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз бұршақ, даул күтіледі. Түнде Ақмола, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.