Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауып, найзағай, кей жерлерде бұршақ болады деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте тұман күтіледі. Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ болады, тұман күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болды. Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
18 шілде 2021 ж. 750 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 141

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031