Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » 3 наурызға арналған ауа райы болжамы

3 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«ҚР басым бөлігі, орталығы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың тек батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын жауып (қар, жаңбыр түрінде) көктайғақ болады, жел күшейіп шаңды дауыл соғады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз облыстың батысында, орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында – көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде - тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі байқалады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында - тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде,Қарағанды облысының солтүстігіндке, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.
03 наурыз 2022 ж. 615 0

Қауіпқке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 33

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 31

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 27

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930