28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте найзағай ойнайды», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-23 м/с дейін жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Қарағанды облысының батысында, шығыс және орталығында жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман түседі.
Түнде Атырау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен соғады.
Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде , солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың батысында және оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін.