Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 3-ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Антициклон жотасы ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райын жауын-шашынсыз сақтайды. Ал батыс, солтүстік-батыс, шығыс өңірлерге атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жел күшейеді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғып, 15-20 м/с жел күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстік-шығысында 17-22 м/с жел тұрады.
Жамбыл облысының солтүстік-батысында және таулы аудандарында көктайғақ болып, солтүстігінде таулы және тау бөктерінде тұман түседі, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жел күшейеді.