Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шетелден келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

Шетелден келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

2021 жылғы 3 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды. Бұл туралы Бұл ақпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналында жарияланды. 
 
2021 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 
 
815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді. 
 
Оның ішінде:
 
- Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен – 434, анықтамасыз - 135; 
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен - 79, анықтамасыз - 21;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен - 140, анықтамасыз - 6.
   
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 
 
2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул –  Алматы рейсімен келген. 
05 қаңтар 2021 ж. 746 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 202

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 138

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031