Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді

Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтілді

Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов мемлекетіміздің әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы мемлекеттік қызметшінің рөлін, оларға жүктелген міндеттің ауқымдылығын, мемлекеттік қызметтің маңыздылығын, мемлекеттік саясатты іске асырушы қауым – мемлекеттік қызметшілердің бүгінгі рөлі, мойнындағы міндеттері үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін атап өтті.

Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Бүгінгі қоғамда мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктелген. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберліктері мен біліктіліктеріне сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда парыз болмақ.

Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқан қызметшілерге шынайы ризашылығын білдірген Ә.Жарылқағанов барша қызметшілерді мерекесімен құттықтап, туған жердің дамуына аянбай еңбек етуге шақырды.

Сонымен қатар мерекелік шарада бірқатар мемлекеттік қызметшілер Қазалы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Жансұлтан Сәндібай Сейтжаппарұлы, Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Әбілхан Алмат Аманқосұлы, Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Төлеген Баян Қонысқызы, Қазалы ауданы әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Садуахасов Қуантқан Алтынбекұлы, Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Байденесова Ардақ Жанұзаққызы, Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Жұмабаева Мереке Болатқызы облыс әкімінің, Қазалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы Сағымбаев Ғалымжан Әбсұлтанұлы, Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы Дидаров Абай Әнесұлы, Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің фискалдық саясат және бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі Аймағамбет Нұрдәулет Қалмұрзаұлы, Қарашеңгел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алтынбаева Маржан Шарафадинқызы, Қазалы ауданының білім бөлімінің жетекші маманы Қоламсақ Шоқан Уәлибекұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының, Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Алдамжарова Күланипа Төлегенқызы, Мұратбаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қалиев Әбжами, Көларық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Өмірзақов Серік Дәкенұлы, Әйтеке би кенті әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы Құрманова Бақыт Муапыхқызы, Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жалғасбаев Жарасхан Төлепбергенұлы, Құмжиек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұршабаев Нажмадин Бекділдәұлы, Қазалы аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Табынбаев Қайыргелді Жұмабекұлы, Қазалы аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы-бас қазынашысы Алдоңғар Олжас, Қазалы аудандық статистика басқармасының жетекші маманы Бақбергенова Гүлбақыт Қуанышқызы, Қазалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Қайрбаев Абай Арғынұлы, Қазалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Байтөреева Қорлан Рүстемқызы аудан әкімінің "Алғыс хаттарымен" марапатталды. Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
21 маусым 2019 ж. 2 885 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031