Симфония символына айналған
Сәрсенбінің сәтті күні ауданға Қазақстан Республикасының көрнекті композиторы, симфониялық, камералық шығармалардың, балалар мен жасөспірімдерге арналған музыканың, әндердің, романстардың, «Дикий Восток», «Сардар», «Секер» сияқты кинофильмдермен қатар «Мүсінші Наурызбаев» деректі фильмі музыкасының авторы Артық Тоқсанбаев келді.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали, Қорқыт ата атындағы аудандық музыка мектебінің директоры Сәукен Әліш бастаған бір топ азаматтар қазақ симфониясын дүние жүзіне әйгілі еткен талантты композиторды қарсы алып, музыка мектебінің жай-күйімен таныстырды. Сыйлы қонақ музыка мектебіне кіре бергенде мектеп мұғалімдері бірнеше аспаппен әйгілі туындыларды кезегімен орындап берді.
Бұдан кейін мектептің акт залында композитормен кездесу өтті. Онда сөз алған аудандық музыка мектебінің директоры С.Әліш әлемге әйгілі қазақ композиторын ауданға шақырарда қауырт жұмыстары көп болғандықтан келісе қоймайтын шығар деген күмәні болғанын жасырмады. Сондай-ақ осындағы музыка мұғалімдері өнер майталманымен кездесіп, көкейдегі сұрақтарын қою арқылы келешекте елге танымал тұлғаларды дайындауға көп көмегін тигізетінін атап өтті. Қазақстанда жүзден аса композитор барын, солардың ішінде әлем халқы мойындаған белгілі тұлға бүгінгі кеш қонағы екенін үлкен мақтанышпен айтты.
Симфония символына айналған композитор шетелдегі концерттік қойылымдары мен туындыларының жарық көру тарихы туралы көпшілікке баяндап берді. Сондай-ақ қазақтың классикалық музыкасын дамытудағы қолға алынуға тиіс шаралар туралы ойын айтты. Жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түсті.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали, Қорқыт ата атындағы аудандық музыка мектебінің директоры Сәукен Әліш бастаған бір топ азаматтар қазақ симфониясын дүние жүзіне әйгілі еткен талантты композиторды қарсы алып, музыка мектебінің жай-күйімен таныстырды. Сыйлы қонақ музыка мектебіне кіре бергенде мектеп мұғалімдері бірнеше аспаппен әйгілі туындыларды кезегімен орындап берді.
Ауданның бас ұстазы Бектұр Қали Қазалыға арнайы ат басын бұрғаны үшін Артық Жарылқасынұлына алғысын біл-дірді.
– Қазақта ән мен күйді қадірлемейтін адам жоқ десек қате бола қоймас. Дегенмен бүгінгі таңда жеңіл әндер мен эстрадалық туындылар көбейіп кеткені белгілі. Солардың арасынан оқ бойы озық жүретін сіз сияқты таланттардың классикалық туындылары құлақ¬тың құрышын қандырып, көңілге ләззат сыйлайды. Алда болатын қойылымдарыңыздың таяп қалғанына қарамастан сыйлы қонақ ретінде ауданға келіп жатқаныңызға ризашылығымды білдіремін, – деп аудан әкімінің арнайы Алғыс хатын табыстады.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ