Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа технологиялы кәсіпорындар қатары көбейді

Жаңа технологиялы кәсіпорындар қатары көбейді

Индустрияландыру бағдарламасы аясында өңірде жаңа технология енгізген кәсіпорындар ашылып, жаңа өнім түрлері көбеюде. Бұл туралы бүгін Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына арналған идеологиялық активте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Испан технологиясын қолданатын екі бірдей тұз өндіретін цехты іске қосу арқылы «Аралтұз» АҚ экспортқа шығарған өнім көлемін 2017 жылы 65%-ға ұлғайтып, Ресей нарығындағы ас тұзы бойынша үлесін 13%-ға жеткізді.
Осы бағдарлама аясында іске қосылған жобалар өңдеу өнеркәсібі саласының, инвестиция көрсеткіштерінің өсіміне оң ықпал жасауда.
Жалпы алғанда, 2017 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында 109,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға артты, – деді аймақ басшысы.
Өткен жылы өңірге 241,5 млрд.теңге инвестиция тартылып, 2016 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 22,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 39,1%-ға ұлғайды.
kyzylorda-news.kz
22 қаңтар 2018 ж. 1 252 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930