Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы қоғамдастық өкілдерімен кездесті

Аймақ басшысы қоғамдастық өкілдерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданына іс сапары барысында жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Аймақ басшысы ең әуелі қазақы ибалылықпен жиылғандарды Жаңа 2018 жылмен құттықтап, Ит жылы баршаға құтты жыл болуын тіледі. Облыс әкімі аудандық аурухана мен аудандық сот ғимаратын ашып, халық игілігіне пайдалануға берілгендігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының 2018 жылға арналған даму жоспарының жүзеге асырылуы туралы өткен мәжілісте біршама жобалар қаралғандығын айта келе, өткен жыл Сыр өңірі үшін берекелі, ойға алған шаруалар жүзеге асқандығын жеткізді.
Қ.Көшербаевтың айтуынша, маңызды көрсеткіштердің бірі - облыс экономика құрылымын өзгерту қарқыны бойынша республикада үздік нәтиже көрсетті. Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3 есеге артты. 
5 жыл ішінде 2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек Қызылорда қаласының өзінде үш жылда жаңа ықшам аудан бой көтерді.
Түйткілді жайттың бірі – Қызылорда қаласындағы авариялық жағдайдағы тұрғын үйлердің мәселесі толық шешімін тапты. 
Маңызды басқосуда  III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің және Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесінің алтын медаль иегері Ажаркүл Алдажарова Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттердің ауданда іске асырылуы мен ауылдың әлеуметтік-мәдени нысандарының толық шешімін тапқандығын айрықша қуана бөлісті. Тасарық ауылдық округінің тұрғыны, еңбек ардагері Алтынбек Жұбаниязов шалғайда орналасқан ауылдар үшін «Бозкөл-Тасарық» автожолы бойындағы темір-бетон көпірдің салынуы және Қожабақы-Бозкөл, Бозкөл-Тасарық ауылдары арасындағы жолдардың жөнделуіне шексіз алғысын жеткізді. Сонымен қатар,«Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қоғамдық кеңес мүшесі Әлібек Нұрланұлы Қуаныш аудан жастарының атынан ризашылығын білдірді.

А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.
09 қаңтар 2018 ж. 1 591 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930