Ауа райы болжамы: Астанада аяз, Шымкентте 20 градусқа дейін жылынады
Алдағы күндері елордада температура нөлден төмен түссе, оңтүстік мегаполистерде күн райы салыстырмалы түрде жылы болады

Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com
Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Елордада түнде 6 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматы мен Шымкентте күндіз ауа температурасы 15–20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн салқындайды
18 қарашада Астанада күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, таңертең және күндіз 9–14 метр болады. Ауа температурасы түнде -4…-6, күндіз +3…+5 градус.
19 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде жылдамдығы секундына 5–10, күндіз 2–7 метр болады. Түнде ауа температурасы -4…-6, күндіз 0 градус шамасында.
20 қарашада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 5–10 метрге жетеді. Түнде -5…-7, күндіз 0…+2 градус жылы болады.
Алматыда күн жылынады
18 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +8…+10 градус болады.
19 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде ауа температурасы +1…+3, күндіз +11…+13 градусқа дейін көтеріледі.
20 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градус жылы болады.
Шымкентте жаңбыр жауады
18 қарашада Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +15…+17 градус болады.
19 қарашада күн құбылмалы бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +7…+9, күндіз +18…+20 градус жылы болады.
20 қарашада түнде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.












