Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балаларға арналған арнайы тарифі бар SIM-карталар пайда болады

Қазақстанда балаларға арналған арнайы тарифі бар SIM-карталар пайда болады

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Қазақстанда ата-аналар балаларына арнайы SIM-карта сатып алып беруге міндеттелетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
Елімізде кәмелет жасқа толмаған балаларға арнайы SIM-карталар әзірленеді. Бұл ұсыныстың жүзеге асырылуын уәкілетті мемлекеттік органдар талқылап жатыр.
Балаларға арналған SIM-картаның артықшылығы:
Ата-ананың бақылауы;
Балаларға арналмаған контенттен қорғау;
Баланың қайда жүргенін бақылау.
“Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, балалар SIM-карталарын пайдалану байланыс операторларының белсенді қолдауымен және цифрлық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бастамалармен сүйемелденеді. Ата-аналар балалардың қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету үшін жоғары технологияларды пайдалана алады. Ал операторлар өз ұсыныстарын отбасының қажеттіліктеріне бейімдейді. Бүгінде Қазақстанда операторлар балалардың интернеттегі қауіпсіз мінез-құлқын бақылауды қамтамасыз етпей, тек білім беру ресурстары қолжетімді болу үшін балаларға арналған арнайы тарифтер ұсынады”, – делінген хабарламада.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балаларға арналған SIM-картаның қашан енгізілетіні әзірге белгісіз екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін елімізде балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылған еді. Министрлік мәліметінше, бұл шара ата-аналардың балаларын бақылауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар балалардың суицид, зорлық-зомбылық және буллингке қатысты қауіпті контенттерге қол жеткізуін шектеуге мүмкіндік береді.
12 наурыз 2025 ж. 361 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 136

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031