Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткісіз өмір

Есірткісіз өмір

Әр заманның өз сынағы мен қиындықтары болады. Бүгінгі жаһандану заманындағы ең үлкен қауіптердің бірі – есірткі індеті. Бұл тек жеке адамның тағдырын ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығы мен еліміздің, туған жеріміз – Сыр елінің ертеңгі болашағына қатер төндіретін қауіпті әлеуметтік дерт.
Сыр бойында, қасиетті Қызылорда топырағында өсіп келе жатқан әрбір оқушының кеудесінде тау қопарырлық арман, асқақ мақсаттар мен үлкен үміттер тұрады. Біріміз ғылым жолын қуалап, жаңалық ашқымыз келсе, енді біріміз елге қызмет ететін маман, білікті дәрігер немесе ұстаз болуды армандаймыз. Асыл армандарымызды бір сәттік қателік пен зиянды әдеттерге айырбастауға ешқашан жол бермеуіміз керек.
Бүгінгі таңда өңірімізде және мектептерде бұл қауіптің алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін «Зиянды әдеттерге жол жоқ!» атты спорттық жарыстар ұйымдастырылып, түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Мектептерде құқық қорғау органдары мен дәрігерлердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру сағаттары өтіп, есірткінің зияны жан-жақты түсіндіріледі. Сонымен қатар, оқушылар арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбындағы сурет байқаулары, эссе жарыстары мен флешмобтар жиі ұйымдастырылып, жастардың өз ойларын өнер арқылы көрсетуіне мүмкіндік беріледі.
Есірткіге қарсы күрес пен оның алдын алу шаралары – тек тәртіп сақшыларының міндеті емес. Бұл – әрбір отбасының, мектептің, ұстаздың және барлық оқушылардың ортақ ісі. Туған жеріміздің абыройын асқақтатар дені сау, білімді және салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ қана тәуелсіз еліміздің мықты тірегі бола алады.
Ендеше, бұл өзекті мәселеге бей-жай қарамай, бірлігімізді көрсетейік. Біздің ортақ таңдауымыз – таза өмір, жарқын болашақ және есірткісіз тәуелсіз Қазақстан!
Мансұр ТЫНЫҚ,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
№204 Ы. Алтынсарин атындағы мектептің оқушысы
06 қараша 2026 ж. 105 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30