Зарина Толыбай Әлем чемпионы атанды
Черногорияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Зарина Толыбай топ жарып, әлем чемпионы атанды!Финалдық жекпе-жекте ресейлік қарсыласынан 4:1 есебімен басым түскен Зарина алтын медальді жеңіп алып, Қазақстанның абыройын асқақтатты.
Бұл – жас спортшының табанды еңбегі мен қайсар мінезінің, жеңіске деген жігері мен шеберлігінің айқын көрінісі. Әлемдік аренада топ жарып, көк байрағымызды биікке көтерген жерлесіміздің жетістігі – баршамыз үшін зор мақтаныш!
Заринаға мықты денсаулық, қажымас қайрат, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз! Алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстанның көк Туын желбірете беруіне тілектеспіз!
Жеңісің құтты болсын, Зарина! Қазалы сені мақтан тұтады!














