Алдағы күндері күн 20 градусқа дейін жылынады

«Қазгидромет» 28, 29 және 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес алдағы күндері елдегі ауа райы қолайлы болады, деп жазады Kursiv Media.
«Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын кең ауқымды антициклон қалыптастырады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – делінген синоптиктердің хабарламасында.
Түнгі уақытта еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмен болғанымен, күндіз ауа температурасы солтүстік пен шығыста +5…+10°С-қа, батыста +15…+20°С-қа, ал республиканың оңтүстігінде +12…+17°С-қа дейін көтеріледі.
Айта кетейік, 27 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік, тұман, көктайғақ және қатты жел болуы мүмкін. «Қазгидромет» болжамынша, Жетісу облысы мен Талдықорғанда ауа температурасы түнде −11 градусқа дейін төмендейді. Ал Алакөл көлдері маңында желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін.









