Сіз зорлық-зомбылықтың қылмыс екенін білесіз бе?

Отбасының кейбір мүшелері тұрақты түрде қорлау, ұрып соғу, балағаттаудың құрбаны болып отырады. Тұрмыстық зорлықтың құрбаны үнемі күйеуінен таяқ жейтін әйел; туыс ер азаматтардан жыныстық қысым көретін қыз; анасы ұратын бала; өз балалары бас тартқан қарттар болуы мүмкін. Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы үндеместік жағдай орын алған. Көрші үйде орын алып жатқан зорлық-зомбылыққа ол отбасының ері мен әйелінің ішкі мәселесі деп көз жұма қараймыз.
Мәселен, әйелі күйеуінің ұрып-соққанын өзгеге айтуды ұят санайды, себебі оған өзін кінәлі сезінеді; анасы туған ұлынан қорлық көреді, алайда, өзін кінәлі сезінеді, себебі дұрыс тәрбие бере алмады. Ешкім ешқандай жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы тиіс емес, себебі тұрмыстық зорлық-зомбылық ол – қылмыс. Оған төзіп отырудың қажеті жоқ, егер зорлық-зомбылық көшеде орын алып жатса 102 нөміріне қоңырау шалыңыз; көрші үйде орын алса тексеріңіз; егер зорлық-зомбылық болуы мүмкін деп ойласаңыз, бұл да хабарлауды қажет етеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қатысушыларымен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, жәбір көрсетуші өз іс-әрекетінің қылмысқа апаратынын сезінетін болады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алды деп санасаңыз бұл туралы 102 нөміріне қоңырау шалып хабарлаңыз, сіз орын алуы мүмкін қылмыстың алдын алған болып саналасыз!
Қазалы ауданы полиция бөлімі