Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі көпір құрылысының сапасын бақылады

Аудан әкімі көпір құрылысының сапасын бақылады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық маңызы бар «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының бойындағы Қарлан көпірі мен Қожабақы ауылы маңындағы темірбетон көпірді қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді.
Алдымен аудан басшысы Сырдария өзені арқылы өтетін Қарлан көпірінің құрылыс алаңында болып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Қазіргі таңда көпірдің негізгі конструкциялық элементтерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің 84 свайін қағу жұмыстары толық аяқталған. 8 тіреудің 7-еуі орнатылып, соңғы тіреуді орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 8 ригельдің 6-уы дайындалып, қалған екеуін орнату жұмыстары атқарылуда.
Құрылыс алаңында 30 арнайы техника мен 80 жұмысшы жұмылдырылған. Жобаның жалпы құны – 6 млрд 746 млн теңге.
Аудан әкімі құрылыс барысын жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС-нің өкілдерімен бірге талқылап, нысандағы жұмыстардың сапалы орындалуына және белгіленген мерзімнің сақталуына баса мән беруді тапсырды. Сонымен қатар құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Бұдан кейін аудан басшысы Қожабақы ауылының іргесіндегі аудандық маңызы бар жолдың 32,1 шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
1975 жылы салынған көпір техникалық тексеру нәтижесінде апатты жағдайда деп танылып, қолданыстағы нысанды толық бұзып, орнына жаңа көпір салу туралы шешім қабылданған. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Гүлнұр МК» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа көпірдің ұзындығы – 21,6 метр, жүру бөлігінің ені – 7 метр. Нысанның құрылыс мерзімі 6 айды құрайды, жобаның жалпы құны – 382,7 млн теңге. Құрылыс кезеңінде көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 403 метр айналма жол ұйымдастырылған.
Аудан әкімі аталған нысанда да құрылыс жұмыстарының сапасына, жобалық талаптардың қатаң сақталуына және белгіленген мерзімнен кешіктірмеуге баса назар аударуды тапсырды.
Екі көпірдің де елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуда маңызы зор. Әсіресе Қарлан көпірінің іске қосылуы Сырдарияның екі бетіндегі елді мекендердің қатынасын жеңілдетіп, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай қалыптастырады.
16 тамыз 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31