Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз – бағыт көрсететін тұлға

Ұстаз – бағыт көрсететін тұлға

Бүгін №266 мектеп-лицейінде 5 қазан – Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – бағыт көрсететін тұлға» тақырыбында мерекелік жиын өтті.
Шараға «Әділет» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның өмірлік бағытын айқындауға ықпал ететін ерекше тұлға. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім беру сапасын арттыру, ұстаздардың кәсіби дамуына жағдай жасау және педагогтерді қолдауға бағытталған бірқатар маңызды міндеттер қамтылған. Бұл – білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы мұғалім еңбегінің маңызын айқындайды. Сондай-ақ, Ұстаздар күні қарсаңында партияның бастамасымен еліміздің әр өңірінде «Ұстаз – айтсын» республикалық диалог алаңы ұйымдастырылуда. Бұл алаңда ұстаздардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берілуде. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы сіздерге әрдайым қуаныш сыйласын!» – деді Нұрғиса Жаппарбергенұлы.
Іс-шара барысында білім беру саласында еңбек етіп келе жатқан бірқатар партия мүшесі – ұстаздар облыстық партия филиалының төрағасы Жандос Базартайдың және аудандық филиал төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік іс-шара барысында бірқатар мұғалімдер өз ұсыныс-тілектерін білдіріп, білім беру саласына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.
Мұнан кейін мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.


05 қазан 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031