Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн күрт суытады: құтқарушылар үндеу жасады

Күн күрт суытады: құтқарушылар үндеу жасады

Фото: Pixabay

Астанада 21 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы күрт төмендеп, -25-27 градус аяз болады деп болжанып отыр. Осыған байланысты құтқарушылар елорда тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға, дауылды ескертулерді назарда ұстауға және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады.
Дауылды ескертулер, ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автожолдардың жабылуы туралы ақпаратты СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы қадағалау ұсынылады.
Сонымен қатар, құтқарушылар қыс мезгілінде мұздың әлі толық қатпағанын ескертіп, тұрғындарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын да қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.
     



21 желтоқсан 2025 ж. 187 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031