Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Ақтөбе, Атырау және Оралда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Бүгін Ақтөбе, Атырау және Оралда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Photo pixabay.com
4 шілде, сенбі күні Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ауа сапасының төмендеуі, әсіресе, тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Мамандар тұрғындарға:

ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге;
балалар мен жүкті әйелдердің ұзақ серуендеуін шектеуге;
созылмалы аурулары бар адамдардың қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге;
ашық ауадағы ауыр дене жүктемесін азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысуға кеңес береді.
04 шілде 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031