+40 градус, жаңбыр және бұршақ: 7 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" сейсенбі, 7 шілдеге арналған қалалардағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның солтүстігінде, батысында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ал оңтүстікте 40 градусқа дейін аптап сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Алматы - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 38-40 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін ыстық болады.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қызылорда - аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 38-40 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз кей уақытта екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін ыстық болады.
Атырау - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.
Орал - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Ақтөбе - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 7-12, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қарағанды - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Жезқазған - көшпелі бұлтты, кей уақытта аздаған жаңбыр, найзағай. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін ыстық болады.
Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 28-30 градусқа дейін ыстық болады.
Павлодар - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Семей - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Өскемен - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.










