Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жалған қоғамдық бірлестіктер туралы деректер құқық қорғау органдарына жолданатынын айтты

Президент жалған қоғамдық бірлестіктер туралы деректер құқық қорғау органдарына жолданатынын айтты

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 12:30Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында тек қағаз жүзінде жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерді сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, оған бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктің іс жүзінде қызмет атқармайтыны, атауынан басқа түгі жоқ жалған құрылымдар екені баяндалған.
"Мұндай ұйымдар азаматтар мүддесін қорғау үшін емес, басқа пиғылда, берісін айтсақ, мансапқорлық мақсатта құрылғаны анық. Бұл кейбір жағдайда алаяқтыққа дейін жетті. Оған жол беруге болмайды. Сондықтан мұндай фактілер құқық қорғау органдарының назарына жолданады", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев тек мемлекеттік тапсырысты игеру мақсатында құрылған ұйымдардың жұмысына тосқауыл қою қажет екенін атап өтті.
Президенттің сөзінше, Халық Кеңесі қоғамға ұйытқы болуға тиіс. Қазір елде консультативтік-кеңесші органдар көп болғанымен, олардың басым бөлігінің қызметі шашыраңқы және бірін-бірі қайталайды.
"Олардың жұмысын үйлестіріп, сараптамалық әлеуетін біріктіру және келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу Халық Кеңесіне жүктеледі", – деді Мемлекет басшысы.
24 қыркүйек 2026 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930