Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен ақын, қаламгер, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Шаһизада Әбдікәрімовтің 70 жасқа толуына арналған «Поэзия гладиаторы» атты шығармашылық кеш өтті. Оған ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Шахмардан Байманов,
Нұркен Бақытбекұлы, Ирина Тен, Мағжан Ералиев, Қырғызстаннан және еліміздің өңірлерінен келген қонақтар, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Кеш ақынның шығармашылық жолы мен телевизия саласындағы еңбегін қамтыған бейнероликпен басталды.
Аймақ басшысы құттықтау сөзінде Шаһизада Өтетілеуұлының ұйымдастырушылық қабілетімен ұштасқан парасатын, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.

-Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Байқоңыр қалалық «Қазақ тілі» қоғамын басқарып, ғарыш айлағында тұңғыш ана тілімізде жарық көрген «Ақжол» газетінің негізін қалады.
Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Сол кезеңде Байқоңырдан қажетті жабдықтардыжеткізіп, өз қолымен іргетасын қалаған «Қоғам ТВ» телеарнасы бүгінде Сыр жұртшылығының сүйікті арнасына айналды.
Шаһизада Өтетілеуұлы қай кезеңде де қоғамшыл бағытынан айнымайтын ақын ретінде туған жерінің рухын асқақтатып, халқына қалтқысыз қызмет етіп келеді.
Сізді адамзат ғұмырының жемісті шағы – 70 жасқа толған мерейтойыңызбен барша Сыр жұртшылығының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Әрі қарай да еліміздің рухани дамуына өз үлесіңізді қосып, отаншыл жүрегіңізден отты жырлар туа берсін»,- деді Мұрат Ергешбаев.
Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Мерейтой иесіне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы құттықтауы, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды. Иығына шапан жабылып, темір тұлпардың кілті берілді.
Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Жиында ардагер Сәби Аңсат, ақын, аудармашы, Байбота Серікбай, ақын, мемлекет қайраткері Қазыбек Иса , ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай, Қырғыз Республикасының мәдениет қайраткері Қарбалас Бакиров, ақын Бүркіт Базарбаев және аудармашы Махаббат Молдалиева сөз сөйледі.
Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Ақынның өзі сахнаға шығып, әр жылдары жазылған жырларын оқыды. Бұл өлеңдерде қоғамдағы сан алуан тақырып қамтылған. Адам болмысы, тіршілік түйткілдері, туған жер туралы көркем кестеленген өлеңдер жырсүйер қауымның ықыласына бөленді.
Сондай-ақ мерейтой иесінің сөзіне жазылған әндер орындалды. Сырдың жас ақындары да поэзия кешіне келген көрерменге өз өлеңдерін ұсынды.
Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Шаһизада Әбдікәрімовтың мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
20 қыркүйек 2026 ж. 13 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930