Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады

Аудан әкімі БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады


28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет сала ардагерлері және қызметкерлерімен мерекелік қабылдау өткізді.
Руханият орталығында өткен мерекелік басқосуға аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, журналистика саласының ардагерлері, сондай-ақ жергілікті басылымдардың бас редакторлары мен қызметкерлері қатысты.
Жиында аудан әкімі бұқаралық ақпарат саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірінің сан саласындағы жаңалықтарды, өзгерістер мен өзекті мәселелерді көтеріп, осы бағытта қалтқысыз еңбек етіп жүрген сала қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Сонымен қатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен мерекелік сыйлықтары табысталды. Шара барысында Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері, ардагер журналистер Қасқырбек Мәмбетжанов пен Алмагүл Қаржаубаева мерекелік лебізін жеткізіп, мерекеге орай арнайы қабылдап жатқан аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізді.
Шара соңында аудан өнерпаздары мерекеге орай әдемі ән арнап, саланың дамуына үлес қосқан қаламгерлерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
28 маусым 2025 ж. 290 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 152

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 154

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031