Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті зейнет демалысына шығарып салды

Құрметті зейнет демалысына шығарып салды

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов көп жылдар бойы өз саласында абыройлы еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және халық игілігіне елеулі үлес қосқан сала мамандарын құрметті зейнет демалысына шығуына орай арнайы қабылдады.
Аудан басшысы жол саласының білікті маманы, «Қазалы Жолшы» ЖШС-нің бас инженері Абжалелов Досболат Махатжанұлы мен санитариялық-эпидемиологиялық салада 36 жыл еңбек еткен Есенеева Ақмарал Өмірбайқызын арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
Досболат Махатжанұлы еңбек жолын қарапайым жол жұмысшысынан бастап, бригадир, инженер, жетекші маман, жол шебері қызметтерін атқарып, саладағы мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің арқасында бас инженер лауазымына дейін көтерілді. Жол құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамытуға қосқан еңбегі бірқатар салалық және мемлекеттік марапаттармен бағаланған.
Ал Ақмарал Өмірбайқызы денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Білімі мен тәжірибесін кейінгі буын мамандарымен бөлісіп, өзінен кейінгі жастарға тәлімгер бола білді.
Қабылдау барысында аудан әкімі қос сала ардагерлеріне ауданның дамуына қосқан еселі еңбектері үшін алғысын білдіріп, зейнет демалыстарына абыроймен шығуларымен құттықтады.

Қазақы дәстүрге сай Досболат Махатжанұлына шапан, Ақмарал Өмірбайқызына камзол мен жаулық жабылып, ауданның ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» табысталды.
– Сіздердің саналы ғұмырларыңыздың елеулі бөлігі елге қызмет етуге арналды. Өз салаларыңызда қажырлы еңбек етіп, кейінгі буынға үлгі боларлық өнегелі жол қалыптастырдыңыздар. Еңбектеріңіз – ел есінде, абыройларыңыз – кейінгі ұрпаққа өнеге. Ендігі уақытта бейнеттің зейнетін көріп, отбастарыңыздың ортасында аман-есен, ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін, – деді аудан әкімі.
Өз кезегінде ардагер мамандар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Қабылдауда аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ел игілігі жолында ұзақ жылдар бойы тер төккен азаматтардың еңбегі құрметке лайық екенін айтып, жылы лебізін жеткізді.
09 тамыз 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31